Ақбұйым (А қ б и і м) — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре бойынша Ұлы жүздегі Жалайыр тайпасынан таратылады. Ұраны — Бекбау, Бақтияр, таңбасы — тарақ. Ежелгі қонысы Алтынемел тауы мен Іле өзенінің арасы. Қыстауы — Іле өзенінің оң жағасы, Шолақ тауының іші, Алтынемелдің күнгей жақ беткейіндегі Бақтияр, Қосқұдық, Жартасты, Көктөбе жерлерінде. Жаздың ыстық айларында Қапал — Арасан тауларындағы Жалғызағаш, Қоянды, Арасан, Ақжар жайлауларына шыққан. Жидебай, Көшентоған, Теректі т.б. қыстаулардың маңына егін салған. Ақбұйым — Жалайыр тайпасынан тараған ру. Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мақұлдаған ресми аталық құрылымы бойынша Ақбұйым руы мынадай аталарға бөлінеді: Маман, Көлбай, Саман, Тұрлыбай, Есет, Дәуей, Құяс.

Тағы қараңыз Ұлы жүз Сілтемелер Қазақ Энциклопедиясы

Санат:Тарих Санат:Қазақ рулары