«ҚР МШКҚӨҰО» РМК Мемлекеттік өнеркәсіптік экология ғылыми-өндірістік бірлестігі филиалы ҚАЗМЕХАНОБР — Қазақстанның ғылыми-зерттеу институты, пайдалы қазбаларды өңдеу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулермен айналысады. Қазақстан Республикасының минералдық шикізатын кешенді қайта өңдеу ұлттық орталығының құрамына кіреді.

Тарихы 1958 ж. – «Механобр» бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және пайдалы қазындыларды механикалық қайта өңдеу жобалау институтының Филиалы.

1966 ж. – «Казмеханобр» мемлекеттік ғылыми-зерттеу және түсті металдар кендерін байыту жобалау институты.

1992 ж. – Институт экология бойынша бас ұйым ретінде ҚР табиғи ресурстары және экология министрлігінің ведомствосына ауыстырылды.

1998 ж. – Бірлестік ҚР ғылым академиясы – ғылым министрлігінің ведомствосына ауыстырылды.

1999 ж. – ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК құрамына кірді.

2000 ж. – «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК мемлекеттік еншілес кәсіпорыны.

2012 ж. – «ҚР МШКҚӨ ҰО» РМК «Казмеханобр» МӨЭҒӨБ филиалы.

Кәсіпорынды ұйымдастыру 1958 жылдың 30 қарашасынан басталды, Алма-Ата қаласында КСРО Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік жоспарлау Комитетінің №585 бұйрығына сәйкес «Қазмеханобр» бүкілодақтық ғылыми-зерттеу және пайдалы қазындыларды механикалық қайта өңдеу жобалау институтының Филиалы ретінде құрылды.

Қазақ ССР Тау-кен металлургиясы өнеркәсібінің дамуына және қара, түсті, сирек кездесетін металдардың кендерін байыту облысында ғылыми-зерттеу, жобалау және құрастырымдық жұмыстарын үлкен көлемде өткізу қажеттілігіне байланысты 1966 жылдың 16 қырқұйегінде КСРО түсті металлургия Министрлігінің №565 бұйрығымен «Механобр» институтының Қазақ филиалы Мемлекеттік ғылыми-зерттеу және түсті металдар кендерін байыту жобалау институты - «Казмеханобр» болып қайта құрылып оған келесі міндеттер жүктелді:

Қазақстан және Орта Азия кен көздерінің түсті металдар кендерін байыту облысында зерттеулер жүргізу; Түсті металлургия кәсіпорындарының өнеркәсіптік сарқынды суларын тазарту құралдары мен әдістерін әзірлеу; Байыту фабрикаларының тізбекті шаруашылықтары және тазарту құрылыстары жұмыстарының тиімділігін жоғарылату әдістерін әзірлеу; Түсті металлургия байыту фабрикаларының байыту үдерістерін автоматтандыру және кешенді механизациялау жүйелерін, әдістері мен құралдарын әзірлеу; Қазақстан және Орта Азияда түсті металдар кендерін байыту облысында техникалық-экономикалық зерттеулер өткізу; Қазақстан және Орта Азияда байыту фабрикаларын жобалау; Түсті металлургия кәсіпорындарында тізбекті шаруашылықтар мен сарқынды суларды тазарту құрылыстарын жобалау. Кәсіпорынның әр түрлі салада айналымды сумен жабдықтау, сарқынды сулармен ауыз суды тазалау, табиғатты ұтымды пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, құрамында алтын бар және полиметалл кендерінің аса тиімді байыту технологияларын жобалап әзірлеуде көп жылдық тәжірибесі бар. «Казмеханобр» Ресей, Қырғызстан, Өзбекістан, Қытай, Монғолия, Италия, Финляндия, Австралия, АҚШ сияқты алыстағы және жақындағы шетел тапсырыс берушілері, серіктестерімен тығыз іскерлік байланыста. Бүгінгі күнде «Казмеханобр» – құрамында ғылыми және жобалау бөлімдері, жабдықтар мен құралдарды құрастыратын арнайы конструкторлық бюросы, қазіргі заманға сай жабдықталған тәжірибелік зауыты, жоғары кәсіптік кадрлары бар аса ірі ғылыми-өндірістік кәсіпорын. Бұл қысқа мерзімде әлемдік стандарттарға сай жобалар мен әзірленімдер жасауға мүмкіндік береді.

Басшылары «Қазмеханобрдің» қалыптасуы мен дамуына оған әр кезде басшылық еткен адамдардың үлесі зор. Әр жылдарда «Қазмеханобрдің» директорлары болғандар: Ревазашвили Борис Иванович, т.ғ.д. – 1958-1967 жж. Шелестов Михаил Сергеевич, т.ғ.к. – 1967-1969 жж. Свядощ Юрий Николаевич, т.ғ.к. – 1969-1985 жж. Попов Геннадий Семенович, т.ғ.к. – 1985-1992 жж. Клец Александр Николаевич, т.ғ.д. академик МАМР – 1992-2013 жж. Шалғымбаев Серікбол Тілеулесұлы х.ғ.к., доцент — 2013 жылдан бастап

Зерттеулер және технологиялық жобалаудың негізгі бағыттары Тәуелсіз мемлекеттер достастығы және Қазақстан Республикасында отын-энергетикалық кешенін, тау-кен-металлургиялық қалдықтар және техногендік шикізаттың, кендердің әр түрін қайта өңдеу және байытудың аса тиімді жаңа технологиясын құру. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату, химиялық және тау кендерін өңдейтін кәсіпорындарда жобалау. Гидротехникалық құрылғыларын жобалау (қалдықтар қоймасы, сорғы стансалары, буландырғыш- тоғандар). Мониторинг, қоршаған ортаның жағдайын бағалау және болжау, табиғатты қорғау жобасы, нормативтік құжаттарды әзірлеу. Химия өнеркәсібі және түрлі-түсті металлургия кәсіпорындарының өндірістік сарқынды суларын тазалау және рециклингілеу.

Бөлімдері Ғылыми бөлімшесі Минералды шикізатты байыту және жартылай өндірістік сынақ бөлімі Қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын басқару бөлімі Асыл металдар зертханасы Г.П.Штреккер атындағы Химия-аналитикалық зертханасы Қоршаған ортаға әсерді бағалау және қалдықтарды дұрыс пайдалану нормативтері зертханасы Жобалау бөлімшесі Жобалау бөлімшесі Жобалардың бас инженерлері бюросы Құрылыс бөлімі Сантехникалық бөлімі Технологиялық бөлімі Электротехникалық бөлімі Сметалық бөлімі Гидротехникалық құрылғылар бөлімі Ақпараттық технологиялар және сервистік қызмет көрсету бөлімі Жобалық жұмыстарын механизациялау бөлімі Тәжірибелі-эксперименталдық цех Жартылай өнеркәсіптік сынақтар фабрикасы

Қызмет көрсету аясы Технологиялық Шикізатты дайындау, байыту және металлургия бойынша: Ірілігі 300-340 мм 5-10 мм –ден 0,04-0,04 мм дейін кенді, құрылыстық және басқа материалдарды уату, ұсату, топтастыру; Полиметалдық, барит-полиметалдық, қорғасын-мырыштық, мыс – мырыштық, мыс-құрамында алтыны бар, моно алтын, моно баритті, марганецті, мыс-молибдендік, титан-цирконийдік және басқа құрамды шикізаттарды қайта өңдеудің технологиялық сызбасы мен тәртібін әзірлеу; Толық су айналымы жағдайында технологиялық сызбасы мен тәртібінін әзірлеу; Қолданыстағы байыту фабрикасы мен тәжірибелі құрылғыларды жаңарту және жаңадан салу бойынша технологиялық тәртіптемені әзірлеу; Сульфидті және сульфидті емес шикізаттарды қайта өңдеу кезіндегі технологияларды жетілдіру; Кедей кен шикізат және техногендік қалдықтардан алтынды үйілмелі сілтілеп айыру технологиясын жүзеге асыру; Алтынды тікелей және сорбциялық цианидтеу, десорбциялау, сорбенттер және электролиз қалпына келтіру үдерістерін қоса ала отырып, алтын құрамды кендер мен байыту өнімдерін қайта өңдеудің гидрометаллургиялық технологиясын жүзеге асыру; Күрделі қиын байытылатын өнімдерді қайта өңдеу үшін жаңа әдістер мен аппараттарды әзірлеу; Асыл металдар құрамдас шикізаттарды, байыту өнімдері мен техногендік шикізатты технологиялық сертификаттау; Мыс, алтын, күміс, никель, кобальт, қалайы және басқа құнды құрамдастарды алу үшін электрохимиялық және электромембрандық үдерістерді пайдаланумен полиметалды кендерін, концентраттар мен байыту өндіріс өнімдерін қайта өңдеудің гидрометаллургиялық технологиясын жүзеге асыру; Ерітінділерден ағызынды суды залалсыздандырып металды электрохимиялық әдісімен алу технологиясын әзірлеу; Таза тауарлы өнімдерді: әлемдік стандарттарға сәйкес мыс, мырыш, никель, алтын алуымен қиын алынатын техногендік шикізатты қайта өңдеудің жаңа тиімді электрохимиялық технологиясын әзірлеу және жүзеге асыру; Тапсырыс берушінің талабы бойынша жартылай өндірістік сынақтарды жүргізу үшін технологиялық сызбаны таңдау; Тапсырыс берушінің сызбасы және меншікті әзірлемелер бойынша жабдықтар мен құрылғыларды, бақылау құралдарын дайындау.

Экологиялық Жер қыртысы мен топырақтың сынамасын іріктеп алу; Қоршаған ортаның реңкілі жай-күйін зерделеумен экологиялық және өндірістік мониторингтеуді жүзеге асыру; Жоспарлы жобалау және жобалау құжаттама құрамындағы «Қоршаған ортаның жай-күйін шолу», «Қоршаған ортаға әсерін бағалау», «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімдерін әзірлеу; Суды пайдалану жүйелерін нормалау және өндірістің әр түрлі салалары үшін өнім бірлігіне суды тұтыну және су бұру нормаларын әзірлеу. Шығару көзін түгендеу және атмосфераға ластаушы заттарды шығару (ШРШ) жобаларын әзірлеу; Ағызынды сумен су объектілеріне, жердің бедеріне, сүзгілеу алаңшасына, жинақтауыштарға ластаушы заттарды тастау (ШРТ) жобаларын әзірлеу; Қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық және мемлекеттік бағдарламаларды, баяндамаларды әзірлеу; Өндіріс және тұтыну қалдықтары бойынша паспорттарды әзірлеу (қауіптілік класын анықтауымен); Нормативтік, әдістемелік, құжаттарды, нұсқаулықтар, әдістемелерді әзірлеу; Жобалардың техникалы- экономикалық негіздемесін әзірлеу; Экологиялық сараптау объектілерінің және арнайы мәселелерді пысықтау материалдары бойынша ескертулер мен ұсыныстарды әзірлеуге байланысты жұмыстарды орындау; Қолданыстағы қалдықтар жинақтауыштар топырақтануын және топырақ құнарлығын қалпына келтірудің алдын алу әдістерін жүзеге асыру; Әр түрлі ортада ластаушы заттарды бақылау құрылғылары мен құралдарды шығару; Ауыз су, техникалық ағызынды су және өндірістік ерітінділерді тазарту үшін сүзгілеу бұйымдары мен қондырғыларды шығару; Өнеркәсіптік кәсіпорындарына қатысты жерлер, аумақтарды экологиялық- агрохимиялық бағалау жұмыстарын жүргізу; Топырақ құнарлығын басқарудың әзірленген әдістеріне экологиялық баға жүргізу; Азықтану негізгі элементтерімен қамсыздандыру бойынша ауыл шаруашылық бағыттағы жерлерге агрохимиялық бағалау жұмыстарын жүргізу; Ауыл шаруашылық пайдалану жерлердің агрохимиялық топырақ картограммасын құрастыру; «Құнарлығы» әзірленген бағдарламалы кешені негізінде тыңайтқыштарды пайдалану және тыңайтқыштардың жалпы қажеттілігін анықтау бойынша нұсқаулықтарды құрастыру; Нақты шаруашылық үшін ауыл шаруашылық пайдалану жерінің құнарлығын басқару бойынша нұсқаулықтарды әзірлеу; Техногендік жүктемесіне байланысты топырақ жамылғысы мен өсімдіктердің өзгерістерін бағалау және болжау; Топырақ жамылғысына дозиметриялық бақылау жүргізу.

Жобалау Алаңшаның геологолитологиялық құрылымын және гидрологиялық жағдайын зерделеу мақсатында инженерлік-барлау ізденіс жұмыстарын жүргізу: ұңғыманы бұрғылау, топырақтың құрамын және жер асты суларының орналасу тереңдігін анықтау, геотехникалық зертханалық жұмыстары; Құрылыс барысында келесі геотехникалық бақылау жүзеге асырылады: тау кенді қосымша өндіру, топырақтардың нығыздалу дәрежесін анықтау (ең жоғарғы тығыздық және негіз астындағы топырақтың оңтайлы ылғалдылығы); Инженерлік-геодезиялық түрлері: жоспарлы-биік геодезиялық желілердің құрылуы, «AutoCad» бағдарламасында өңделген мәліметтерді бере отырып, заманауи электрондық құралдарда топографиялық түсірілімнің жасалуы; Индустрияның барлық салаларына арналған түрлі түсті, қара металлургия нысандарын, химиялық мұнай мен мұнайды өңдейтін өнеркәсіпті, құрылыс материалдарын, күкірт қышқылының зауыттарын, тазалау құрылғыларын, қалдықтар мен қалған заттарды сақтайтын орындарды, сонымен қатар бағалы құрамдас бөліктерді жоюға арналған қоқысты қайта өңдеу кешендерін, мелиоративті құрылымдарды жобалау; Құрылысты ұйымдастыру жобаларын жасау; Архитектуралық нысандардың құрылысы мен қайта салынуға арналған қала құрылысы мен жобалау құжатын кешенді түрде әзірлеу, жобалық құжаттың сараптамасы, авторлық қадағалау; Жобалау жұмыстарын орындау кезіндегі инжинирингтік қызметтерді орындау.

Технологиялар Жасалынған жұмыстар арасында ғылыми-техникалық және инновациялық мәні бойынша өңдіріске енгізілген келесі әзірленген технологияларды атап өтуге болады: кедей алтынқұрамды және техногендік шикізаттан үйінді шаймалау әдісімен алтынды алу технологиясы. Ион алмастырғыш шайырлар мен белсендірілген көмірлерді қолдана отырып ерітінділерден алтын алу технологиясы (Жанан, Мұқыр, Суздаль, Миялы, Мизек, Балажал, Комаровский, Бестөбе, Ұзбой); бір аппаратта жүзеге асырылатын аса тиімді ион алмастырғыш шайырларын регенерациялау және алтынды десорбциялау технологиясы («Алтын-Төбе» АШК ЖАҚ МРК, Доре зауыты «Андас-Алтын» ЖШС МРК, «Семгео» АҚ Балажал кеніші, Васильковский ТКБК, Аси зауыты (Қытай), Доре зауыты ЖШС СП Сага Крик Голд Компани», Жалтырбұлақ кеніші);