Тасқотан – Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігіндегі тау. Қарқаралы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа қарай 12 км-ге созылып жатыр. Ені 4 км. Ең биік жері 1006 м. Тасқотан қыстауларының бірінде Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіров дүниеге келген.

Жер бедері Тауаралық аңғарлар және сайлармен бөлінген толып жатқан қырқалы таулардан, ұсақ шоқылардан, төбелер мен жондардан тұрады. Беткейлері жайпақ, негізгі жыныстары жер бетіне шығып жатыр.

Геологиялық құрылымы Кейінгі тас көмір, пермьдік гранитоидтардан және төрттік делювийлі-пролювийлі шөгінділерден түзілген.

Өсімдігі Қызыл қоңыр қиыршық тасты топырағында өлеңшөп, сұлыбас, боз, жыңғыл өседі. Беткейлері қысқы жайылым ретінде пайдаланылады.Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары