Ingenuity (ағылшыннан «өнертапқыштық» дегенді білдіреді) — Марста ұшу мүмкіндігін анықтауға арналған тікұшақ дроны.

«Марс-2020» миссиясы бойынша Perseverance роверіне бекітілген тікұшақ 2021 жылдың 3 сәуірінде осы роверден бөлініп, Марс бетіне түсірілді.

нобай|солға|170px|Роверден түсірілген кезі 2021 жылдың 19 сәуірінде Ingenuity басқа ғаламшарда ұшу әрекетін сәтті орындаған адамзаттың алғашқы ұшу аппараты болып шықты. Ол 3 метрге көтеріліп, Марс атмосферасында 30 секунд шамасындай қалқып тұрды да, өзі орналасқан Езеро кратеріне қонды.

Тікұшақ дронның үстіңгі жағына Райт ағайындылар құрастырған тарихтағы алғашқы сәтті ұшқан ұшақтың қанат бөлігінің бір кесегі бекітілген. Ал Марстағы алғашқы ұшу-қону аймағы олардың құрметіне енді Райт ағайындылар жазығы деп аталатын болды.

Ingenuity миссиясы 2024 жылдың 25 қаңтарында аяқталды. Себебі — бір қалақшасыныӊ істен шығуы.

+ Ұшу көрсеткіштері Винт жылдамдығы 2400 айналым/минут Мах саны <0,7 Мах Ұшу уақыты 120 секундқа дейін Ұшу қашықтығы 600 м Радио қашықтығы 1000 м Макс. жылдамдық көлденеңінен: 10 м/сектігінен: 3 м/сек Батарея көлемі 35-40 Вт⋅сағ

Марстағы ұшулары +№КүніҰшу уақытыКөтерілуіҚашықтығыВидео<center>1<center>19 сәуір 2021 жыл<center>39,1 секунд<center>3,04 метр<center>көтерілу ғана150px<center>2<center>22 сәуір 2021 жыл<center>51,9 секунд<center>4,9 метр<center>4,3 метр150px<center>3<center>25 сәуір 2021 жыл<center>80 секунд<center>5,2 метр<center>100 метр150px<center>4<center>30 сәуір 2021 жыл<center>117 секунд<center>4,9 метр<center>266 метр150px<center>5<center>7 мамыр 2021 жыл<center>108 секунд<center>10 метр<center>129 метр

Аппараттың алғашқы бес ұшуы технологияны таныстыру мақсатымен көрсетілімдік деңгейде өтті.

2022 жылдың қазанына қарай Ingenuity Марста 33 рет ұшқан. Жалпы ұшып өткен қашықтығы 7,4 шақырымға тең.Flight Log Mars Helicopter Tech Demo. (2 қыркүйек 2021)

Аппарат миссиясы 2024 жылдың 25 қаңтарында аяқталды. Барлығы 72 ұшуы болды, жалпы ұшу уақыты — 2 сағат 8 минут 55 секунд.

Дереккөздер

Санат:Марс Санат:NASA Санат:Ұшқышсыз ұшу аппараттары