Ғабит Төлеутайұлы Несіпбаев (1962 жыл 2 қаңтар Алматы қаласы) - пианист, органшы.

Өмірбаяны Екі мәрте Ленин орденді П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының фортепиано Музыка факультетін (1985) органшы, пианист мамандығы бойынша;

П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын бітірген (1987). Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының 60 жылдығына арналған «Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының тарихы» атты мерейтой басылымының авторы (2004). 1985 жылдан - Жамбыл Жабаев атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органшысы. 1997 жылдан - Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының оқу жұмысы жөніндегі проректоры 2002 жылдан - стратегиялық даму және ұйымдастыру жұмыс жөніндегі проректоры. 2005 жылдан бері - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының органшысы. Марапаттары Құрманғазы атындағы ұлттық консерваториясының доценті (2004), Құрметті профессоры (2008). ҚР Еңбек сіңірген әртісі (1997). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2001). Отбасы Әкесі - Төлеутай Несіпбаев, зейнеткер, биология ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры, физиология кафедрасының меңгерушісі. Анасы - Несіпбаева Рахия Тастанбекқызы,марқұм, тарихшы болған. Үйленген. Жұбайы - Сөйітақан Анар Сейітмаханқызы (1966 ж. т.). Ұлдары - Нөсіпбаев Әділ Ғабитұлы (1983 ж. т.), Төлеутай Абзал Ғабитұлы (2002 ж. т.).Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2

Дереккөздер

Санат:2 қаңтарда туғандар Санат:1962 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан музыканттары Санат:Мәскеу консерваториясы түлектері Санат:Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессорлары Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері