Сорбұлақ – Күрті және Қаскелең өзендері суайрығындағы тұндырма көл.

Географиялық орны Алматы облысы Іле ауданының батысында, теңіз деңгейінен 622 м биіктікте жатыр.

Гидрографикасы Аумағы 55 км², ұзындығы 33 км, енді жері 10 км, жағалау бойының ұзындығы 66 км-ге жуық, ең терең жері 22 м, жылына 1 млн. м³-ге дейін су қабылдай алады. Шөккен тұнбаның қалыңдығы 1,5 м. Суының құрамында темір 1400 т, мыс 42,1 т, мырыш 26,2 т, қорғасын 28,9 т, кадмий 26,9 т. Бойлық бағытта созылып жатқан Сорбұлаққа оңтүстігінен Қаскелең өзенінің бір тармағы құяды. Жағалау бойында қамыс өскен. Көлді биіктігі 10–15 м болатын құм төбелер қоршап жатыр. Шығысында Қаратөбе шоқысы (764 м) орналасқан. Батысымен Ақсай – Күрті – Ақши автомобиль жолы өтеді. Тұндырма Сорбұлақ көлі Алматы қаласының өнеркəсіптік жəне коммуналдық шаруашылықтан қалған ақаба суларын жинайды. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Іле ауданы көлдері