Ақүйек – Сырдария алабындағы өзен.

Географиялық орны Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы жерімен ағады.

Бастауы Қаратау жотасындағы Теріскей тауының етегінен басталып, Сырдарияға жетпей тартылып қалады.

Гидрологиясы Ұзындығы – 70 км, су жиналатын алабы – 670 км2. Суы көктемгі қар, жауын-шашынмен толығады. Өзеннің жоғарғы бөлігінде Көлтоған бөгені салынған.Қазақ энциклопедиясы, 9 т.

Дереккөздер

Санат:Жаңақорған ауданы өзендері Санат:Сырдария су алабы