Канада күні (, ) — Канаданың ұлттық мерекесі, бүкіл мемлекет бойынша демалыс күні. Бұл мереке 1 шілде 1867 жылы Конституциялық актқа қол қойылуын тойлайды. Бұл акт Британ империясының Канада, Жаңа Шотландия және Нью-Брансуик сияқты үш отарларын "Канада" деп аталатын бір доминионға біріктірді. Бұл үш отардың одағы Канадалық конфедерация деп аталды. Кейіннен бұл конфедерацияның құрамына әр түрлі провинциялар мен отарлар қосылып, Канада есімді біріккен мемлекет құрылды. Бұл мереке алғашында "Доминион күні" (, ) деп аталған, мерекенің атауы 1982 жылы өзгертілді.
Тойлануы Кейде бұл мейрамды «Канаданың туылған күні» деп те атайды. Бұл атау қазіргі Канаданың аумағында орналасқан бұрынғы Британ империясының отарлары Жаңа Шотландия, Нью-Брансуик және Канада провинциясының (кейіннен 1867 Конституциялық акті бойынша Онтарио және Квебек деген екі провинцияға бөлінді) 1 шілде 1867 жылы Канада есімді бір федеративті мемлекетке бірігуін бейнелейді.
Елдегі көптеген қауымдастықтар Канада күніне жаппай мерекелер ұйымдастырады, көбінесе парадтар, карнавалдар, фестивальдар, барбекю, әуе және теңіз қойылымдары, мерекелік отшашулар, тегін музыкалық концерттер сияқты ашық аспан астындағы мерекелер ұйымдастырады.Канадалық Мұра Департаменті. Британдық Колумбия және Юкон Канада күнін тойлауға шақырып жатыр
Дереккөздер
Сілтемелер
Canada Day in the Capital Region History of Canada Day Canada Day
Санат:Канада мерекелері Санат:Ұлттық мерекелер