«КСРО Қарулы күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медал () — КСРО Қарулы Күштерінің 60 жылдығын еске алу мақсатында 1978 жылғы 28 қаңтардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен құрылды. Медал сызбасының авторы - суретші Л. Д. Пипетко.

Медал ережелері «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталады: 1978 жылы 23 ақпанда Кеңес Әскерінде, Әскери-теңіз күштерінде, КСРО ішкі істер министрлігінің әскерлерінде, КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК әскерлері мен органдарында белсенді әскери қызметте болған офицер құрамының тұлғалары, прапорщиктер, мичмандар және мерзімнен тыс әскери қызметтегі әскери қызметшілер; бұрынғы қызыл гвардияшылар, КСРО Қарулы Күштері қатарында Кеңес Отанын қорғау үшін әскери әскери әрекеттерге қатысқан әскери қызметшілер, азамат соғысы мен 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының партизандары; белсенді әскери қызметтен запасқа босатылған немесе зейнеткерлікке шыққан, Кеңес Әскерінде, Әскери-теңіз күштерінде, КСРО ішкі істер министрлігінің әскерлерінде, КСРО Министрлер Кеңесі қарамағындағы МҚК әскерлері мен органдарында 20 және одан да көп күнтізбелік жыл қызмет еткен немесе белсенді әскери қызмет кезеңінде КСРО ордендерімен, не болмаса, медалдарымен марапатталған тұлғалар: «Ерлігі үшін» Ушаков «Жауынгерлік еңбегі үшін» Нахимов «КСРО Мемлекеттік шекарасын күзетудегі айрықшылығы үшін» «Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін» медалі

«КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медалі кеуденің сол жағына тағылады, ал басқа КСРО медалдары болған жағдайда «КСРО Қарулы Күштеріне 50 жыл» мерейтойлық медалінен кейін орналастырылады.

1995 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша шамамен 10 723 340 адам «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Медалдің сипаттамасы thumb|left|200px|Медалдің артқы жағы «КСРО Қарулы Күштеріне 60 жыл» мерейтойлық медалі алтын түсті жезден жасалып, диаметрі 32 мм шеңбер пішінді болып келді.

Медалдың бет жағында шарықтап бара жатқан зымырандар мен ұшып бара жатқан жойғыш ұшақтар аясында автомат ұстаған Кеңес Әскерінің сарбазы бейнеленген. Сарбаз мүсінінің оң жағында көкжиекте сүңгуір қайық бейнеленген, оның үстінде екі жолға «1918» және «1978» деген жылдар жазылған.

Медалдың артқы жағында айнала бойлай жұлдызшалармен бөлінген «Алпыс жыл» () және «КСРО Қарулы Күштері» () деген жазулар жазылған. Ортасында — айқастырылған мылтық пен қылыштың үстінде балға мен соқа бар бесбұрышты жұлдыз орналасқан.

Медалдың шеттері ернеумен жиектелген. Медалдағы барлық бейнелер мен жазулар шығыңқы келеді.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм болатын сұр түсті жібек қатқыл таспамен тысталған бесбұрышты тағанға біріктіріледі. Таспаның шеттері ені 5 мм қызыл жолақпен жиектелген. Таспаның ортасынан ұзына бойлай ені 1 мм алтын жолақ өтеді.

Әдебиет

Санат:КСРО медалдары