Жаншора – Құсмұрын тауының шығысындағы тұйық көл.

Географиялық орны Қостанай облысы Қарасу ауданында, Қозыбай ауылының оңтүстік батысында 8 км жерде орналасқан.

Гидрографикасы Ауданы – 15,79 км2, ұзындығы – 8,2 км, ені – 2,8 км шамасында. Қазаншұңқырда жатқан көлдің жағасы онша тілімделмеген. Суы тұщы, минералдығы 300-400 мг/л, жазда 600-700 мг/л-ге дейін артады. Жаншораға Тімтуір өзeні құяды. Көл суы шаруашылық қажеттеріне пайдаланылады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Қарасу ауданы көлдері Санат:Обаған су алабы