«Алтай» — Өскемен қаласының хоккей командасы. Жастар хоккей лигасының чемпионатында өнер көрсетеді. Ол «Торпедо» хоккей клубының жастар командасы

Тарихы ҰЖХЛ 2015/2016 жылғы маусымда Өскемен қаласының командасы Ұлттық жастар хоккей лигасында ойнай бастады. 2015/2016 маусым 2015/2016 маусымда «Алтай» Шығыс конференциясында 9-орынға ие болып, плей-оффқа өте алмады. ЖХЛ 2016 жылдың 25 шілдесінде Жастар хоккей лигасы кеңесінің отырысында 2016/2017 маусымынан бастап қазақстандық команда Жастар хоккей лигасында ойнайтындығы белгілі болды. 2016/2017 маусым 2016/2017 маусымда қазақстандық команда Шығыс конференциясында соңғы 16-орынға ие болып, плей-офф кезеңіне өте алмады. 2017/2018 маусым 2017/2018 жылғы маусымда өскеменендік команда Шығыс конференциясында соңғыдан бұрынғы 15-орынға ие болып, плей-оффтан тыс қалды. 2018/2019 маусым 2018/2019 жылғы маусымда Өскеменнің командасы жаттықтырушысын ауыстырды, бұл жергілікті хоккей мектебінің тәрбиеленушісі, көптеген жылдар бойы балалар жаттықтырушысы болып жұмыс істеген Александр Артёменко болды. Чемпионатта «Алтай» Шығыс конференциясында соңғы 16-орынға ие болып, плей-оффтан едәуір артта қалды. 2019/2020 маусым Команда тағы да бапкерін ауыстырды, осы жолы Болякин, Олег Владимирович болды. Маусым барысында команда турнир кестесінде 3-орынға ие болды, бірақ бірқатар жеңілістерден кейін 13-орынды иелене бастады. Дегеніменде, плей-оффқа Алтай командасы шыға алмады Стадионы Команда ересектер «Торпедо» командасы өнер көрсететін аренада - Борис Александров атындағы спорт сарайында ойнайды.

Санат:Қазақстан шайбалы хоккей клубтары Санат:Өскемендегі спорт