Оттмар Хитцфельд (; 12 қаңтар 1949 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/97129, Лёррах, Германия) — германиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Мансабы "Леррах" клубының түлегі.
1971 жылы "Базельге" ауысып, төрт маусым ойнады. Осы аралықта екі рет Швейцария чемпионы атанды.
1975 жылы "Штутгартқа" ауысты. Кейін "Лугано", "Люцерн" клубтарында доп тепті. 1983 жылы бапкерлік карьерасын Швейцария клубтарынан бастады.
1991 жылы ғана Германияға оралып, "Боруссия Дортмунд" бапкері боп тағайындалды. Оттмар "Боруссияны" жаттықтырған жылдары клубта Маттиас Заммер, Андреас Мёллер, Штефан Ройтер, Карл-Хайнц Ридле секілді футболшылар болды, ол футболшылардың пайдасы тимей тұрмады, 1997 жылы клуб УЕФА Чемпиондар лигасында топ жарды, екі рет Германия чемпионы атанды. Осы керемет табыстарға қарамастан, Оттмар мен клуб жетекшілерінің арасында келіспеушілік көбейді, Оттмар клуб ойыншыларын жаңалағысы келгенімен, жетекшілер оны мүлде мақұлдамады. 1997 жылы Оттмарға клуб директоры болуға ұсыныс жасалды, бірақ Оттмар бас тартты.
1998 жылы сәуірде "Бавариямен" келісім шарт жасасты. 1999 жылы "Бавария" екінші орындағы клубты 15 ұпай артқа тастап, Германия чемпионы атанды, ал "Камп Ноудағы" Чемпиондар лигасының аңыз-финалында "Манчестер Юнайтедтен" ұтылып қалды. Бірақ бәрібір Оттмардың бапкерлігімен "Бавария" 2001 жылы Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанды, сол жылы Құрлықаралық кубокты да олжалады.
2004 жылы клубтың көрсеткіштері нашарлап кетті де Оттмар "Бавариядан" кетті.
2004-07 жылдар аралағында "Бавария" айтарлықтай табысқа жете алмады, осы кезеңдерде бірнеше бапкер ауыстырды. 2007 жылы қаңтарда Оттмар бәрібір клубқа қайта келді. Бірақ бұл жолғысы сәтті болмады, буын алмастыру кезеңінен оңала алмай жүрген клубты күшейте алмады.
2008 жылы шілдеде Швейцария құрамасын жаттықтыра бастады. Бұл қызметті 2014 жылға дейін атқарды. Осы аралықта екі рет әлем чемпионатына қатысты. 2014 жылғы әлем чемпионатында Швейцария 1/8 финалда Аргентинаға жол берді. Чемпионаттан соң Хитцфельд қызметтен кетті.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
«Базель»
Швейцария чемпионы (2): 1971/72, 1972/73 Швейцария кубогы: 1974/75
Бапкер ретінде
«Арау»
Швейцария кубогы: 1984/85
«Грассхоппер»
Швейцария чемпионы (2): 1989/90, 1990/91 Швейцария кубогы (2): 1988/89, 1989/90 Швейцария суперкубогы: 1989
«Боруссия» Дортмунд
Германия чемпионы (2): 1994/95, 1995/96 Германия суперкубогы (2): 1995, 1996 Чемпиондар лигасы: 1996/97
«Бавария»
Германия чемпионы (5): 1998/99, 1999/00, 2000/01, 2002/03, 2007/08 Германия кубогы (3): 1999/00, 2002/03, 2007/08 Чемпиондар лигасы: 2000/01 Құрлықаралық кубок: 2001
Жеке
Швейцария чемпионатының үздік мергені: 1972/73 (18 гол) Шыейцария жыл бапкері: 1985 Әлемдегі жылдың клубтық бапкері (2): 1997, 2001 УЕФА-дағы жылдың клубтық бапкері: 2001 Германиядағы жыл бапкері: 2008
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Германия футболшылары Санат:Базель ФК ойыншылары Санат:Штутгарт ФК ойыншылары Санат:Люцерн ФК ойыншылары Санат:Лугано ФК ойыншылары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары Санат:Арау ФК жаттықтырушылары Санат:Грассхопперс ФК жаттықтырушылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК жаттықтырушылары Санат:Бавария ФК жаттықтырушылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары