АТФ синтезі — ағзаның аэробты және анаэробты тыныс алуы кезінде пайда болатын энергияның АТФ молекуласы түрінде бөліну үдерісі. Жасушаның тыныс алу теңдеуі мынадай: C6H12O6 + 6O2 → 6CO2 + 6H2O.

Бұл үдеріс негізгі үш сатыға бөлінеді:

1) гликолиз;

2) лимон қышқылының айналысы;

3) тотығу фосфорлануы АТФ синтезі, тыныс алу және жану . Гликолиз Гликолиз — бұл глюкоза молекуласының пируват деп аталатын екі 3-көміртекті молекулаларға бөлінуі нәтижесінде қуат шығарылатын реакциялар тізбегі. Гликолиз жасушалық тыныс алудың бірінші сатысы болып табылады және оттегіні қажет етпейді. Бұл үдеріс жасуша цитозолында жүзеге асады және күрделі он сатыдан тұрады. Үдерістің негізгі кезеңінде қуатты жұту үшін екі АТФ молекуласы жұмсалып, екі фосфат тобы глюкозаға қосылады. Жоғары тұрақсыздық нәтижесінде молекула бөлініп, екі 3-көміртекті пируват молекулалары түзіледі. Гликолиз барысында қосымша өнімдер: төрт АТФ және екі НАДН молекулалары шығарылады Гликолиз .

Лимон қышқылының айналымы Бұл үдеріс сонымен қатар Кребс айналымы деп аталады. Гликолизбен салыстырғанда, Кребс циклі оттегіні қажет етеді. Сол себепті аэробты тыныс алуға жатқызылады және цитозолда емес, митохондрияда орын алады. Екі пируват молекуласы Кребс айналымына енер алдында, ең алдымен, тотығудан өтіп, бір көміртегі атомынан айырылу нәтижесінде ацетил-CoA молекуласына айналады. Сонымен қатар, электрондарды тасымалдайтын НАД НАДН-ға дейін қалпына келеді. Осындай дайындықтан кейін, ацетил-CoA Кребс айналымына енеді және бірнеше рет тотығу үдерісінен өтіп, көміртек диоксиді бөлінеді. Әрбір пируват молекуласы үшін айналым екі рет жүзеге асады. Жалпы, екі Кребс айналымы барысында 4 СО2 молекуласы, 6 НАДН, 2 ФАДН2, 2 АТФ түзіледі Кребс айналымы .

Тотығу фосфорлануы Тотығу фосфорлануы екі негізгі құрылымнан тұрады: электрон тасымалдау тізбегі және хемиосмос. Кребс айналымы секілді, осы үдерісте оттегі қажет етіледі. Электрон тасымалдау тізбегі көптеген нәруыз бен органикалық молекулалардан тұрады. Осы тізбекке гликолиз бен Кребс айналымы кезінде түзілген НАДН және ФАДН2 жақындап, жинаған электрондарды тасымалдау арқылы қуат жоғарылап, протондар митохондрияның матриксынан мембранааралық кеңістікке жиналуы нәтижесінде электрохимиялық градиент түзіледі. Градиент орнағаннан кейін, протондар мен электрондар оттегімен әрекеттесу нәтижесінде су молекулалары түзіледі. Ал хемиосмос барысында электрондардан алынған энергия АТФ-синтазаның жұмысына жұмсалып, АТФ молекулалары өндіріледі Тотыға фосфарлану . Қорытындылай келе, гликолиз, лимон қышқылының айналымы, тотыға фосфорлану үдерістерінің барлығын қосып есептегенде 36-38 АТФ молекулалары алынады.

Дереккөздер

Пируват

Сілтемелер Электрон тасымалы мен тотыға фосфарлану Фотосинтез бен АТФ синтезі Аэробты және анаэробты метаболизм

Санат:Биология Санат:Білім Санат:Молекулалар