Томас Буффель (; 19 ақпан 1981 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4377, Брюгге, Бельгия) — бельгиялық футболшы, шабуылшы.

Карьерасы 2002-13 жылдары Бельгия Ұлттық футбол құрамасы сапында 35 кездесуде алаңға шықты.

Карьерасында Бельгия, Нидерланд, Шотландия чемпионаттарында доп тепті. "Серкль-Брюгге" клубының түлегі. 1999 жылы карьерасын "Фейеноордта" бастады. 2000 жылы ойын практикасын жетілдіру үшін "Эскельсиорға" жалға беріліп, 2002 жылдың басында "Фейенордқа" қайта оралды. Сол жылы УЕФА кубогы иегері атанды.

Бірнеше жыл негізгі құрамда ойнаған Томас 2005 жылы клубтан кетті. Роттердамдықтардың жаңа бапкері Руд Гуллит ойыншымен келісім шартты созбағандықтан, сол жылы "Рейнджерске" ауысты.

2008 жылы "Серкль-Брюггеге" қайта оралды.

Жетістіктері «Рейнджерс»

Шотландия чемпионы — 2004/05 Шотландия кубогы — 2007/08

«Генк»

Бельгия чемпионы — 2010/11 Бельгия суперкубогы — 2011 Бельгия кубогы — 2012/13

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Бельгия футболшылары Санат:Бельгия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК ойыншылары Санат:Эскельсиор ФК ойыншылары Санат:Рейнджерс ФК ойыншылары Санат:Серкль Брюгге ФК ойыншылары Санат:Генк ФК ойыншылары Санат:Зюлте-Варегем ФК ойыншылары