Сяоюань Ту (1967 ж. туған)— қытай зерттеуші және компьютер ғалымы. Машиналық оқыту, міңез-құлық модельдеу, физикалық модельдеу, биомеханикалық модельдеу, қозғалыс басқару интерфейстері, және ақылды виртуал кейіпкер жасау салалар специалисті. Торонто Университетінің компьютер ғылым докторы (Ph.D ), қазіргі уақытта Apple Inc корпорациясының бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша инженері және жетекші ғалымы болып табыладыXiaoyuan Tu's home page .
Білімі Ту Цинхуа Университетінен оқу оқып, бакалавр дәрежесін алды. Одан кейін 1990-1991 жылдары Макмастер Университетіңде оқу жалғастырып, қатар есептеуге арналған алгоритмдерге фокус сақтап, магистр дәрежесін алды. Көп ұзамай Торонто Университетіңе түсіп, 1996 жылы доктор дәрежесі, және де "Компьютер Анимациясыңа арналған Жасанды Жануарлар: Боимеханика, Қозғалыс, Қабылдау, and Құлық" диссертациясы үшін ACM Doctoral Dissertation Award сыйлығына ие болды. Сяоюань Ту бұл сыйлыққа ие болған ең бірінші әйел адам және Канаданың бірінші академигіXiaoyuan Tu's home page .
Өнеркәсіп Доктор дәрежесін алғаннан кейін Ту Стэнфорд Университетіңде қонақ лектор болып дәріс берген. Көп ұзамай Silicon Graphics-ке зерттеуші кейін Intel-ге зерттеуші ғалым ретінде ауысып орналасты. Intel-де 3D анимацияда ақылды виртуал кейіпкер жасау үшін тест стендің зерттеу және дамыту жұмыстарың жүргізген. Соған қоса, интерактивті коммерция интерфейсінің жетекші әзірлеушісі болды. 2000 жылдың мамыр айында Вэй Йенмен бірге AiLive Inc компаниясын құру үшін Intel-дегі қызметінен кетті. Онда тең құрылтайшы, жетекші ғалым мен өнім менеджері рөлдерің атқарып, видео ойындарға машиналық оқыту алгоритмдерің аралық бағдарламалық қамтамасыз ету ретінде іске асырған. Оған қоса, ойындарға LiveMotion программасың қолдану мақсатымен жұмыс істеген.
2009 жылдың желтоқсанында AiLive Inc компаниясынан кеткеннен кейін Apple компаниясына қызметке кірді. Қазіргі кезге дейін де Apple компаниясыңда IOS құрылғылар келесі ұрпағына қозғалыс тану және басқару технологиясың шығару және дамыту үшін жұмыс істеп жүр. Сяоюань Ту маңызды рөл атқараған жобалар: Бағдарды тану Компас алгоритімдері Raise to Talk iOS-те Қозғалыс әрекеттерін жіктеу iOS CoreMotion технологиясы
Apple жұмыскері болған кезіңде AirDrop деректерді шифрлауThursday, Mikey Campbell; August 13; 2015; PT, 02:40 am. "Apple invention lets iPhone owners AirDrop encrypted data to a friend's device for safekeeping". AppleInsider. Retrieved 2019-02-05, iOS құрылғыларда магнитометр бейнесін жақсартуGreater Magnetometer Mapping Accuracy Coming to iOS Devices, CarPlay автоматтандыру сияқты бірнеше Apple патенттерінің өнертапқышы болып есептеледіApple Invents a New CarPlay/HomeKit Related iDevice System.
Сыйлықақылар ACM Doctoral Dissertation Award - "Компьютер Анимациясыңа арналған Жасанды Жануарлар: Боимеханика, Қозғалыс, Қабылдау, and Құлық" Technical Excellence Award, Канада Мультимедиа мен Өнер Академиясында
Кітаптары Компьютер Анимациясыңа арналған Жасанды Жануарлар (1999)
Дереккөздер
Санат:Apple iOS Санат:Тұлғалар Санат:Ғалымдар Санат:1967 жылы туғандар Санат:Қытай ғалымдары Санат:Информатиктер Санат:Патенттік құқық Санат:Өнертапқыштар Санат:Әйел ғалымдар