нобай
Рут Тейтельбаум — (1924-1986) ЕНЫАЦ () компьютерінің алғашқы бағдарламаушыларының бірі.
Оның қыз кезіндегі тегі Лихтерман болды. Рут Тейтельбаум Нью-Йорк штатында орналасқан Хантер колледжін бітіріп, математикадан бакалавры дәрежесін алды. Мур атындағы электротехникалық мектебі Рутты баллистикалық мәселелерді шешу үшін жұмысқа шақырылады. Кейінірек, ЕНЫАЦ электронды-есептеуіш машинасының алғашқы алты әйел-бағдарламашылардың бірі болып таңдалды. Онда, Марлин Мельцермен бірге Тейтельбаум Аналогты технологиясын қолдана отырып, баллистикалық траектория теңдеулерін есептеу бағытына жауапты болды. ENIAC Әйелдері бөлігі болды. Олар өздерін және басқа жұмыскерлерді ЕНЫАЦ машинасында қолданатын функцияларға үйретті және баллистикалық бағдарламалық жасақтаманы дайындауға көмектесті. 1946 жылы ЕНЫАЦ компьютері көпшілікке және баспасөзге жарияланады. Соғыстан кейін, Тейтельбаум ЕНЫАЦ-пен бірге Абердин қаласындағы сынақ полигонындағы баллистикалық зертханасына барып, сол жерде екі жылдай ЕНЫАЦ бағдарламашыларының келесі тобын оқытуға қалды.Martin Gay: Recent Advances and Issues in Computers, The Oryx Press, Phoenix/Arizona, 2000, pp.106/107
1986 жылы Рут Тейтельбаум Далласта (Техас) қайтыс болды.
Марапаттары 1996 жылы "ЕНЫАЦ әйелдері" атты кітабы жарық көрді. 1997 жылы Рут Тейтельбаум және ЕНЫАЦ жобасында жұмыс атқарған тағы бес әйел women in Technology International халықаралық ұйымының Даңқ залына енді. 2010 жылы американдық "Top Secret Rosies" деректі фильмі жарыққа шықты: Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі есептеуіш-әйелдер туралы әңгімелейтін "Computers".
Дереккөздер