Сергей Николаевич Юран (11 маусым 1969https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/85424, Луганск, Украин КСР, КСРО) — ресейлік футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.

Карьерасы "Заря" клубының түлегі. 80 жылдардың соңында "Динамоға" ауысып, клубтың белді футболшыларының біріне айналды. 1990 жылы клуб сапында КСРО чемпионы атанды және кбокты иеленді.

1991 жылы Португалияға барып, "Бенфика", "Порту" клубтарында доп тепті. Тіпті 1992 жылы "Бенфика" сапында Чемпиондар кубогының үздік мергені атанды. Сол жылы ТМД құрамасы сапында Еуропа чемпионатына қатысты.

1995 жылы Ресейге оралып, "Спартак" сапында ойнады, бірақ ұзақ ойнамады, Англиядан шақырту келіп, "Миллоул" сапында ойнады.

1994 жылғы әлем чемпионатына қатысты.

Карьерасының соңғы жылдарында Германия, Аустрия клубтарында ойнады.

2003 жылы бапкерлікке кірісті.

2009 жылы жаңа құрылған Астананың "Локомотив" клубын жаттықтырды. Оған премьер лигада жеңіске жету немесе екінші орын алу міндеті жүктелді. Маусым қорытындысында клуб "Ақтөбеден" кейін екінші орынға жайғасты. Бірақ жалақыны уақытында ала алмаған Юран бапкерлік міндетті ары қарай атқарудан бас тартты.

Жетістіктері

Командалық

Футболшы ретінде КСРО жастар құрамасы

Еуропа чемпионы (21): 1990

«Динамо» Киев

КСРО чемпионы: 1990 КСРО кубогы: 1990

«Бенфика»

Португалия чемпионы: 1993/94 Португалия кубогы: 1993

«Порту»

Португалия чемпионы: 1994/95

«Спартак» Мәскеу

Ресей чемпионы: 1999

Бапкер ретінде «Алмаз»

Мәскеу аймағының чемпионы: 2003

«Динамо» (Ставрополь)

Екінші дивизион жеңімпазы: 2004 Екінші лига кубогы: 2004

ТФМК

Эстония кубогы: 2006 Эстония суперкубогы: 2006

«Шинник»

Бірінші дивизион жеңімпазы: 2007

«Химки»

Ресей кубогының финалисі: 2019/20

Жеке

Халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері: 1990 Чемпиондар кубогының үздік мергені: 1991/92 — 7 гол

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:КСРО футболшылары Санат:Ресей футболшылары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ресей Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Заря Луганск ФК ойыншылары Санат:Порту ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары Санат:Спартак Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Миллоул ФК ойыншылары Санат:Фортуна Дюссельдорф ФК ойыншылары Санат:Бохум ФК ойыншылары Санат:Штурм ФК ойыншылары Санат:Ресей футбол жаттықтырушылары Санат:Спартак Мәскеу ФК жаттықтырушылары Санат:Шинник ФК жаттықтырушылары Санат:ТФМК ФК жаттықтырушылары Санат:Химки ФК жаттықтырушылары Санат:Астана ФК жаттықтырушылары Санат:Симург ФК жаттықтырушылары Санат:Мика ФК жаттықтырушылары Санат:ТМД футболшылары Санат:ТМД Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары