«Якбун» – облыстағы күрділер ассоциациясы. 1992 жылы қаңтарда құрылған. Төрағасы – А.И. Сулайманов. Облыстың 4 ауданында бөлімшелері бар. Қазақстан күрділерінің «Барбанг» Ассоциациясымен байланыс орнатқан. Ассоциация жанында «Бархудон» атты көркемөнерпаздық бишілер ансамблі құрылған. Бұл ансамбль облысы көлемінде барлық мәдени іс-шараларға белсене атсалысады. Ассоциация облыстағы күрділердің ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін насихаттаумен бірге, күрді жастарының ана тілін меңгеруіне де ерекше мән береді. «Якбун» ұйымы Сарысу, Талас, Шу аудандарындағы күрді балаларының ана тілінде орта мектептерде білім алуына түрлі көмек көрсетуде.Тараз Энциклопедиясы Сілтемелер

Санат:Қоғам Санат:Ассоциациялар