Өлеңті — Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы, Жымпиты ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жымпиты ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде, Өлеңті өзенінің сол жағалық аңғарында орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1653 адам (822 ер адам және 831 әйел адам) болса, 2009 жылы 1042 адамды (544 ер адам және 498 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 957 адамды (494 ер адам және 463 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Тарихы 1961-1997 жылдары қой өсіретін кеңшардың орталығы болған. Оның негізінде 1997 жылдан Өлеңтіде шаруа қожалықтары құрылды.

Дереккөздер

Санат:Сырым ауданы елді мекендері