«Униря Валахорум» Урзичени () — Румынияның Урзичени қаласындағы футбол клубы. 2011 жылы жабылып қалды.

Тарихы 2009/10 жылғы маусымда УЕФА Чемпиондар лигасының топтық турнирінде ойнады. Топтық кезеңде "Рейнджерс", "Севилья" секілді клубтарды тізе бүктірді де, үшінші орын алып, УЕФА Еуропа лигасының 1/16 финалына жолдама алды. Бұл кезеңде "Ливерпульге" жол берді.

2010/11 жылғы маусымда клуб еурокубоктерде сәтсіз ойнап, команда басшылары көптеген футболшылармен келісім шартты бұзды да, "бұлардың орнына клуб академясында тәрбиеленген жастар ойнайды" деп мәлімдеді. Бұл әрекеті нәтижесіз болды, Румыния чемпионатында 17-орында қалып, екінші лигаға түсіп кетті. Бірақ сол маусымнан соң ешқандай жарысқа қатыспады.

Жетістіктері

Румыния чемпионы (1): 2008/09 Румыния вице-чемпионы (1): 2009/10 Румыния кубогы финалисі (1): 2007/08

Атақты ойыншылары Юлиан Апостол Валериу Бордяну Богдан Мара Богдан Станку Богдан Стеля Сілтемелер Ресим сайт Санат:1954 жылы құрылған футбол клубтары

Санат:2011 жылы жабылған футбол клубтары

Санат:Румыния футбол клубтары