Зелёный Бор — Ақмола облысы Бурабай ауданындағы ауыл, Зеленобор ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Щучинск қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 19 км-дей жерде, Үлкен Шабақты көлінінің шығысындағы шоқ қарағай өскен орманды-таулы өңірде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен35542670 2771 103,8 1229 1258 102,4 1441 1513 105

Тарихы Іргесі 1961 жылы Щучье құс фабрикасы негізінде қаланды. 1994 жылдан акционерлік қоғам және бірнеше серіктестіктер құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кинотеатр, аурухана, емхана, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, т.б. бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Бурабай ауданы елді мекендері