Мигель Анхель Ангуло (; 23 маусым 1977 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/7579, Овьедо) — испаниялық футболшы, жартыылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы. Испания Ұлттық футбол құрамасында 11 ойын өткізген. 2000 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
Карьерасы Хихонның "Спортинг" клубының түлегі. 1995 жылы "Валенсияға" ауысты да, кәсіпқой карьерасын бастады.
1996/97 жылғы маусымды "Вильярреалда" өткізді.
2007 жылы желтоқсанда "Валенсия" бапкері Рональд Куманмен келісе алмай, Сантьяго Канисарес, Давид Альбельда үшеуі клубтан кетті. Бірақ көктемде Куман қызметтен босатынды да, үшеуі де клубқа қайта оралды.
2009 жылы "Валенсиядан" кетіп, Португалияның "Спортинг" клубына еркін агент ретінде барды. Бірақ сол жылы желтоқсанда ол клубтан да кетті.
Жетістіктері
Испания чемпионы (2): 2001/02, 2003/04 Испания кубоггы (2): 1998/99, 2007/08 Испания суперкубогы: 1999 УЕФА кубогы: 2003/04 УЕФА суперкубогы: 2004
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Испания футбол жаттықтырушылары Санат:Валенсия ФК жаттықтырушылары