Хлорбензол, С6Н5Сl — органикалық қосылыс, өзіне тән иісті, түссіз сұйықтық, балқу t –45,58°С, қайнау t 131,687°С. Суда нашар ериді, ал органикалық еріткіштермен толық араласады. Өнеркәсіпте хлорбензолды темір қатысында бензолды (С6Н6) сұйық фазада, хлорлы сутекті ауа немесе оттек қоспасымен катализдік хлорлау арқылы алады. Хлорбензол және оның туындылары органикалық синтезде бастапқы және аралық өнім ретінде пайдаланылады."Қазақ Энциклопедиясы", 9 том Сілтемелер

Санат:Хлорорганикалық қосылыстар Санат:Галогенидті еріткіштер