«Жердегі Жұлдыздар» () — 2007 жылғы үнділік драма фильм, Аамир Ханның режиссерлік дебюті.
Сюжет Сегізжасар Ишан Авасти бала кезінен басқалардан ерекшеленетін. Ол мектепті ұнатпайды, басқалар еш қиналмастан жасайтын істер оған үлкен қиындықтар алып келеді. Сонымен қатар ол оқи да, жаза да алмайды. Оны ешкім түсіне алмайды. Ол мектепте үлкен қиындықтарға тап болады, оны ата-анасымен қоса бүкіл әлем түсінбегендіктен оған бәрі ұрсатын. Оның қиялы, шығармашылығы мен өнерге деген таланты көбінесе еленбейді немесе байқалмайды. Оның әкесі Нандкишор Авасти ықпалды басшы, жақсы кәсіпкер, ол балаларының өзінің ізімен жүргенін қалайды. Анасы Майя Авасти үй шаруасындағы әйел, Ишанды жақсы оқыту үшін бар күшін жұмсап, үмітін үзді. Ишанның үлкен ағасы Йохан Авасти мектептегі ең үздік оқитын бала, ата-анасының мақтанышы, өзінің інісінің жаман оқитынына қатты ұялады. Ишан ата-анасының шыдамының шегіне жеткен соң, оның қатал әкесі оны мектеп интернатына жібереді. Оның ойынша ол жердені қатал тәртіп, Ишанды бірден түзейді. Ата-анасынан, ағасынан, үйінен жырақтап кеткен Ишан жаңа мектепте табылған жақсы досына қарамастан одан сайын қайғыға түседі. Бірақ, сурет пәнінен беретін жаңа мұғалім Рам Никумбх пайда болған соң барлығы өзгереді. Рам Никумбх Ишаннан дислексия ауруын анықтайды. Рам Никумбх Ишанды түсінетін жалғыз адам болады, өйткені бала кезінде өзіде осы аурумен ауырған болатын. Ол баланы қайғыдан арылту үшін, оқуға және жазуға үйрету үшін жол тауып, балаға үміт сыйлайды.
Рөлдерде АктёрРөліСипатыДаршил СафариИшан АвастиБасқа балалардан өзінің ішкі әлемімен, ерекше талантымен, ешкім түсінбейтін сырларымен ерекшеленетін, дислексия ауруымен ауыратын бала.Аамир ХанРам Шанкар НикумбхИшанды түсінетін жалғыз адам, сурет пәнінің мұғалімі, бала кезінде дислексия ауруымен ауырған адам.Тиска ЧопраМайя АвастиLike Stars on Earth DVD commentary. Event occurs at approximately 16:00Ишанның анасыВипин ШармаНандкишор АвастиLike Stars on Earth DVD commentary. Event occurs at approximately 40:00Ишанның әкесіСаше Инженер Йохан Авасти ("Дада")Ишанның үлкен ағасыТанай ЧхедаРаджан ДамодаранИнтернаттағы оқушы, Ишанның досы.Шанкар Сачдевмистер ТивариИнтернаттағы мұғалім Бугс Бхаргавамистер СенИнтернаттағы мұғалім Гуркиртан ЧауханИнтернаттағы кезекшіМаарай Кришна РейнаИнтернаттың директоры, Раджанның әкесіРави Ханвилкармистер ХолкарИнтернаттағы сурет пәнінің бірінші мұғалімі.Мегна МаликВикторияМұғалім
Саундтрек Барлық әуендер мен әндерді Шанкар-Эхсан-Лой деген Трио композиторлар жазған.
Дереккөздер
Санат:Үндістан драма фильмдері Санат:Хинди тіліндегі фильмдер Санат:Балалар фильмдері Санат:Үндістан фильмдері