Саиль Садырбекұлы Татубаев (1962–2010) — қазақстандық әнші, «Oriental Sound» тобының әншісі, филология ғылымдарының кандидаты.
Өмірбаяны Саиль Татубаев 1962 жылы 24 сәуірде атақты опера әншісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының солисті Садырбек Татубаевтың және ағылшын тілі мұғалімі С.Г. Ахметова отбасында дүниеге келді. Арғын тайпасындағы Қаракесек руының Жалықпас бөлімінен шыққан.«Қаракесек шежіресі», екінші том, Павлодар, «ЭКО» ЖШС баспаханасы, Т.А. Еңсебаев . Кітаптың таралымы – 500 дана. 2017
Алматы педагогикалық шет тілдер институтын бітірген соң, Мәскеу мемлекеттік лингвистикалық университетінің аспирантурасына түсіп, оны бітіріп, диссертацияны сәтті қорғады.
Алайда, әкесінен қалған музыка мен әнге деген махаббаты басым болды. Сондықтан Саиль сахнада ән айта бастады.
С. Татубаев «Oriental Sound» тобының солисті (1988 жылы құрылған), Қазақстан Республикасы Президенттік оркестрінің солистіИстория Республиканской гвардии: Церемониальный батальон и Президентский оркестр, «Алматы — менің алғашқы махаббатым» фестивалінде бірнеше рет өнер көрсеткен және тұңғыш қазақстандық «Такыр» рок-операсында теңіз бөлігін тамаша орындаған.
Саиль Татубаев 2010 жылы 20 маусым күні Алматыда ауыр сырқаттан 48 жасында қайтыс болды.
Дискография Tales of Eurasia. Oriental Sound. (Another lullaby, The skies won’t open, Clumsy, Follow me, D.O.G. Man (Death — or — Glory), Again, Engagement, Ad astra, Talelike — taillike). — KMI Studio, Almaty, Kazakhstan. (2000).
Дереккөздер
Сілтемелер Саиль Татубаев Танымал Қазақстандық әнші Саиль Татубаев қайтыс болды. Саильмен қоштасу
Санат:Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті түлектері Санат:Филология ғылымдарының кандидаттары