Хороним — нақты шегарасы бар кез келген аумақтың жалқы атауы: онша үлкен емес кеңістік (шалғын, орман, қалалық аудан немесе ықшамаудан), елдің немесе әкімшілік ауданның тарихы облыстары.
Географиялық хоронимдер (табиғи) - табиғи-ландшафтылық облыстардың атаулары, Сарыарқа, Балқаш маңы сияқты және әкімшілік-аумақтық бірліктер атауы (Ақтөбе облысы, Қарағанды облысы, АҚШ) болып бөлінеді.
Қалаішілік хороним - бұл қала аумағы бөлігінің жалқы атауы: аудан, квартал, саябақ және т.б. Мысалы, Таугүл, Ақсай ықшамаудандары (Алматы аумағында).
Қоршаған ортаны қорғау бойынша хоронимдер Ақсу-Жабағылы қорығы - Ақсу өзен - "ақ су" және Жабағылы өзені - "жабағы жүн" атауынан. Қараой зоологиялық қорықшасы - қара ойдан - "қара аласа жер". Ақтау-Бозащы зоологиялық қорықшасы - Ақтау - "ақ тау" және Бозащы түбегінен - "ашық сұр жусанды". "Шарын" табиғи ескерткіші - моңғол тілінде "Сары" дегенді білдіреді. "Алтынемел" ұлттық саябағы - моңғол тілінен - "алтын бел". "Баянауыл" ұлттық саябағы - баян руының қонысы. "Бурабай" ұлттық саябағы - бура яғни түйе сөзінен шыққан. Қарқаралы ұлттық саябағы - таулы шоқылы жер, әйелдердің шашақты бас киімі. Сайрам-Өгем ұлттық саябағы - Сайрамсу өзенінен - таяз сулы, ұсақ өзен және Өгем жотасы - ежелгі атауы. Наурызым қорығы - наурыз руы атауы бойынша. Лепсі зоологиялық қорықшасы - қазақшадан Лепсу- "жылдам ағатын өзен". Қарақия-Қаракөл - Қарақия сөзінен - қия - "тік беткей" және Қаракөл - "қара көл".
Табиғи хоронимдер Сарыарқа - кең ауқымды адырла дала, алтын дала, сары жота. Мұғалжар - күшті өзгеріске ұшыраған жарлы таулар. Сауыр - таудың жоғары еңістеу бөлігі. Тарбағатай - моңғол тілінен аударғанда "суырлы тау". Жетісу Алатауы - Жетісудың шұбар таулары. Тянь-Шань - қытай тілінен аударғанда "Аспан тау". Хан Тәңірі - тәңірдің жердегі өкілі. Тұран жазығы - турлар мекені. Тұран - "түріктер елі" деп аталатын Түркістан атауымен ығыстырылды.
Елтану және саяси география негіздері біліміне арналған хоронимдер Аргентина - argento - "күміс". Колумбия - Колумб ашқандықтан Колумбия деп аталған. Ирландия - ежелгі ирланд тілінен eirinn - "батыс жер", яңни "западная земля", Ирландия - Еуропаның батысында орналасқан. Исландия - Iceland - "ледяная земля" аударғанда "мұзды жер" дегенді білдіреді, ІХ ғасырда аралға келген нормандар осылай атаған. Норвегия - ежелгі скандивания тілінде Norprvegr сөзі "солтүстікке баратын жол" дегенді білдіреді. Бұл жолмен қазіргі Норвегияның шығыс жағалауы маңымен нормандар солтүстік теңіздерге шыққан. Жапония - ресми атауы - "Нихон коку", "Ниппон Коку" - Шығыс Азияның аралдық мемлекеті. Қытай - қытайша Чжунго деп аталады, "Орталық жер" немесе "Орталық мемлекет" деп аударылады. Түркия - түркі халықтары этнонимінен шыққан атау. Сөзбе-сөз аудармасы - "Түркілер елі".
Санат:Топонимдер Санат:Географиялық терминдер