«Қазақстан тарихы» интернет-жобасы (e-history.kz) – Қазақстан тарихына арналған онлайн интернет жоба. Портал 2013 жылы іске қосылды. Жобаның иесі және үйлестірушісі Қазконтент компаниясы және Мәдениет және ақпарат министрлігі.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғамы тарапынан әзірленді.Қазақстан тарихы порталы
Тарихы «Қазақстан тарихы» порталы сол уақыттағы ҚР Мемлекеттік хатшысы М.М. Тәжиннің төрағалығымен 2013 жылдың 5 шілдесінде өткен мекемеаралық жұмыс тобының (МАЖЕТ) кеңейтілген отырысында қабылданған шешім негізінде құрылып, 2013 жылдың 25 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында «Қазақстан тарихы» Интернет-жобасының тұсаукесер рәсімі өтті.«Қазақстан тарихы» порталына арналған баспасөз мәслихаты
Құрылымы «Қазақстан тарихы» – Қазақстан Республикасының азаматтарына (Мектеп оқушылар, студенттер, ғылыми қызметкерлер, әр түрлі жастағы оқырман қауым) ақпараттық қолдау көрсетіп, Қазақстан тарихын интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау. Порталда Қазақстан тарихының бес кезеңінің үлкен электронды қоры жинақталған.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан сайттары