Эрлинг Браут Холанд (; 2000 жылы 21 шілдеде туған, Лидс, Англия) — норвегиялық футболшы, "Манчестер Сити" клубы мен Норвегия құрамасының шабуылшысы.

Карьерасы Клубтық 2016 жылы 12 мамырда тұңғыш рет Норвегия чемпионатының бірінші лигасында "Брюне" сапында алаңға шықты.

2017 жылы ақпан айында "Молде" клубымен келісім шарт жасасты. 4 маусымда "Сарпсборгқа" қарсы ойында жаңа клубы сапында Норвегия жоғары лигасында дебют ойынын өткізді.

2018 жылы 19 тамызда "Ред Булл Зальцбург" клубымен келісім шарт жасасып, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап осы команда сапында ойнайтын болды. 2019 жылы 19 шілдеде Аустрия кубогында "Парндорф" қақпасына хет-трик жасады. 10 тамызда Аустрия чемпионатындағы тұңғыш хет-тригін "Хартберг" (7:2) қақпасына соқты.

2019 жылы желтоқсанда "Боруссияға" ауысты. 2020 жылы 18 қаңтарда тұңғыш ойынын "Аугсбургке" қарсы өткізіп, хет-трик жасады.

2022 жылы "Манчестер Сити" клубына ауысты. 30 шілдеде Эрлинг "Ливерпульге" қарсы Англия суперкубогында дебютін жасады. 7 тамызда Премьер-лигадағы дебюті "Вест Хэм Юнайтедке" қарсы ойында алаңға шықты, екі гол соқты. 27 тамызда Англия чемпионатында "Кристал Пэласке" қарсы матчта екінші таймда алғашқы хет-тригін 19 минуттың ішінде жасады.

Ұлттық құрама Норвегияның барлық жастағы құрамаларында ойнады. 2019 жылы 5 қыркүйекте алғаш рет Норвегия ұлттық құрамасында алаңға шықты. Тұңғыш голдарын 2020/21 жылғы Ұлттар Лигасында соқты.

Жетістіктері Командалық «Ред Булл Зальцбург» Аустрия чемпионы: 2018/19 Аустрия кубогы: 2018/19

Жеке Жастар арасындағы әлем чемпионатының үздік мергені: 2019

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі «Манчестер Сити» ФК ресми сайтында

Санат:Норвегия футболшылары Санат:Норвегия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Брюне ФК ойыншылары Санат:Мольде ФК ойыншылары Санат:Ред Булл Зальцбург ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары