Якуб Блащиковский (; 14 желтоқсан 1985https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/29835, Трусколясы, Польша) — поляк футболшысы, жартылай қорғаушы. Польшаның екі дүркін үздік футболшысы.

Карьерасы 2006 жылы тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында ойнап, 2012, 2016 жылдары Еуропа чемпионатына қатысты. 2012 жылғы турнирде капитан ретінде ойнады. Топтық кезеңнің екінші турында Ресейдің қақпасына бір гол соқты (1:1).

2016 жылғы турнирде де бір рет мергендігімен көзге түсті, топтық кезеңде Украинаның қақпасына матч тағдырын шешкен жалғыз голды енгізді. Ширек финалда Польша-Португалия матчының соңы пенальтилер сериясына тіреліп, Якуб өз соққысын дарыта алмады, нәтижесінде жартылай финалға Португалия шықты.

Карьерасының жарқыраған жылдары "Боруссияда" (Дортмунд) өткізіп, Германия чемпионы, Германия кубогының иегері, УЕФА Чемпиондар Лигасының финалисі (2013) атанды.

2017 жылы "Вольфсбургке" ауысып, қосалқы құрамда қалып кете бергесін Польшаға оралды да, бір кездері өзі ойнаған "Висла" (Краков) командасына ауысты. Клубпен жарты жыл бойы не-бары 116 еуро жалақыға ойнауға келісім шарт жасасты, сондай-ақ клубтың есеп шотына 300 мың еуро аударды, клуб ол қаржыны қарыздарынан құтылуға жұмсады. Осылай Якуб қайырымдылығымен де көзге түсті.

Жетістіктері

Командалық «Висла (Краков)»

Польша чемпионы (1): 2004/05,

«Боруссия (Дортмунд)»

Германия чемпионы (2): 2011, 2012 Германия кубогы (1): 2012 Германия суперкубогы (1): 2013

Жеке

Польшадағы жыл футболшысы: 2008, 2010

Дереккөздер

Сілтемелер 90minut.pl Профилі

Санат:Польша футболшылары Санат:Польша Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Висла Краков ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Вольфсбург ФК ойыншылары