Джанлука Пальюка (; 18 желтоқсан 1966 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/5985, Болонья, Италия) — италиялық футболшы, қақпашы.

Мансабы Клубтық "Болонья" клубының түлегі. 1986 жылы "Сапмдорияға" ауысты. "Сампдория" сапында көптеген жүлделерге қол жеткізді, УЕФА кубок иелері кубогы, Италия чемпиондығы, Италия кубогы, Италия суперкубогы секілді титулдар иесі атанды.

1994-99 жылдары "Интернационале" қақпасын қорғап, 1999 жылы туған клубы "Болоньяға" қайта оралды.

2006/07 жылғы маусымды "Асколи" сапында өткізді.

2008 жылы "Ювентус" жетекшілері жарақат алған Джанлуиджи Буффонның орнына қосалқы қақпашы ретінде Палюканы шақыруды жоспарлады, бірақ ол трансфер іске аспады.

2017 жылдан бері "Болоньяның" жастар клубын жаттықтырады.

Ұлттық құрама 1990 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, бір кездесуде де алаңға шықпады.

1991 жылы 16 маусымда КСРО-ға қарсы ЕУРО-1992 іріктеу ойынында тұңғыш рет Италия құрамасы сапында алаңға шықты. 1994 жылғы әлем чемпионатына қатысып, күміс жүлдегер атанды. Осы турнирдің топтық кезеңіндегі Норвегияға қарсы ойында алаңнан қуылып, ӘЧ тарихында алаңнан қуылған тұңғыш қақпашы ретінде жылнамаға тіркелді.

1998 жылғы әлем чемпионатына қатысып, бес кездесуде алаңға шықты. Ширек финалда Италия пенальтилер сериясы арқылы Франциядан жеңілді де, жарыстан шығып қалды, осы ойын Пальюканың құрама сапында соңғы матчы еді.

Жетістіктері

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері: 1994 Кубок иелері кубогы: 1990 УЕФА кубогы: 1998 УЕФА Чемпиондар кубогының финалисі: 1992 Италия чемпионы: 1991 Италия кубогы: 1988, 1989, 1994 Италия суперкубогы: 1991

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Болонья ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Асколи ФК ойыншылары