Пабло Сарабия Гарсия (; 11 мамыр 1992https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/74230, Мадрид) — испаниялық футболшы, Испания Ұлттық футбол құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" клубының "Спортингке" жалға берілген жартылай қорғаушысы.

Мансабы "Реал Мадрид" клубының түлегі. 2009-11 жылдары "Реал Мадрид" фарм-клубында ойнады, бірақ негізгі құрамға іліге алмай, "Хетафеге" ауысты.

2016 жылы "Севильяға" ауысты.

2019 жылы 1 шілдеде "Пари Сен-Жермен" клубына ауысты.

2021 жылы 1 қыркүйекте "Спортингке" жалға берілді.

Ұлттық құрама Испанияның 16, 17, 18, 19, 21 жастағы құрамаларында ойнады. 2011 жылы 19 жасқа дейінгілер арасындағы Еуропа чемпионатына қатысып, чемпион атанды.

Ұлттық құрама сапында 2020 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2021 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңіне қатысты.

Жетістіктері

«Пари Сен-Жермен»

Франция чемпионы: 2019/20 Франция кубогы (2): 2019/20, 2020/21 Лига кубогы: 2019/20 Франция суперкубогы (2): 2019, 2020

Испания

Еуропа чемпионы (19 жас): 2011

Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Испания футболшылары Санат:Реал Мадрид Кастилья ФК ойыншылары Санат:Реал Мадрид ФК ойыншылары Санат:Хетафе ФК ойыншылары Санат:Севилья ФК ойыншылары Санат:Пари Сен-Жермен ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары