Карл Фредрик (Фредди) Юнгберг (; 16 сәуір 1977 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3134, Кристианстад, Швеция) — швед футболшысы, жартылай қорғаушы, футбол жаттықтырушысы.
Мансабы Клубтық Бес жасынан бастап "Хальмстад" футбол академиясында жаттықты. 1994 жылы кәсіпқой карьерасын осы клубта бастады. 23 қазан күні АИК клубына қарсы ойында тұңғыш рет алаңға шықты.
1998 жылы Лондонның "Арсеналына" ауысты. "Арсенал" сапындағы тұңғыш ойынын "Манчестер Юнайтедке" қарсы өткізіп, тұңғыш голын да соқты.
2001/02 жылғы маусым Фредрик үшін сәтті болды, Робер Пирес жарақат алды да, бұл негізгі құрамда жиі ойнай бастады. Бірнеше маңызды ойындарда гол соқты, Англия кубогы мен чемпиондығына қол жеткізді.
"Арсенал" сапындағы соңғы жылдарында жиі жарақаттанып, алаңға сирек шықты. 2007 жылы жазда "Вест Хэм Юнайтедке" ауысты. "Вест Хэм" сапындағы алғашқы ойында-ақ капитан ретінде алаңға шықты.
2008 жылы қазан айында АҚШ-қа кетті.
Кейінгі жылдары бірнеше клуб ауыстырды да, 2014 жылы карьерасын аяқтап, бапкерлікке көшті.
Ұлттық құрама 1998-2008 жылдары Швеция құрамасында ойнап, 2000, 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионатына, 2002, 2006 жылдары әлем чемпионатына қатысты. 2004 жылғы Еуропа біріншілігінің алғашқы турында Болгарияның қақпасына бір гол соқты.
Бапкерлік карьерасы 2019 жылы қараша айының соңында қызметтен босаған Унаи Эмеридің орнына "Арсенал" клубының бас жаттықтырушысы міндетін атқарушы боп қызметке тұрды да, арада бір ай өтпей, 21 желтоқсанда оз қызметтен кетті.
Жетістіктері
Командалық «Хальмстад»
Швеция кубогы: 1995 Швеция чемпионы: 1997
«Арсенал»
Англия суперкубогы: 1999 Англия чемпионы (2): 2001/02, 2003/04 Англия кубогы (3): 2001/02, 2002/03, 2004/05
«Сиэтл Саундерс»
АҚШ кубогы (Lamar Hunt U.S. Open Cup): 2009
«Селтик»
Шотландия кубогы: 2011
Жеке
Англия премьер лигасының үздік ойыншысы: 2001/02 Швециядағы жыл футболшысы: 2002, 2006
Дереккөздер
Профильдері https://www.mlssoccer.com/players/freddie-ljungberg https://int.soccerway.com/players/-/162/ https://www.worldfootball.net/player_summary/freddie-ljungberg/
Санат:Швеция футболшылары Санат:Швеция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Хальмстад ФК ойыншылары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Сиэтл Саундерс ФК ойыншылары Санат:Чикаго Файр ФК ойыншылары Санат:Селтик ФК ойыншылары Санат:Симидзу С-Палс ФК ойыншылары Санат:Мумбаи Сити ФК ойыншылары Санат:Швеция футбол жаттықтырушылары Санат:Арсенал Лондон ФК жаттықтырушылары