Нұрлан Наурызұлы Қылышбаев (1971 жылы 1 маусымда Талдықорған қаласында туған) - Қазақстан мемлекеттік қайраткері, Алматы облысынан сайланған Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты (2016 жылдан бері).
Өмірбаяны Талдықорған орман шаруашылығы өндірістік бірлестігінің аң аулау бөлімінің жетекші инженері (1994-1996). Алматы облысы Ішкі істер басқармасының қылмыстық бөлімінің жедел қызметкері (1996-1997). Талдықорған қаласы әкімінің көмекшісі (1997-1999). Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас маманы, бөлім бастығы (1999-2003). Жамбыл облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (2003-2004). Алматы қаласының "Жігер" ААҚ төрағасы (2004-2010). Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары (2010-2013). Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (07.2013-06.2016). 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері Санат:Қазақстан Парламенті Сенатының депутаттары Санат:Аманат партиясының мүшелері