«Блэкберн Роверс» () — Англияның Блэкберн қаласындағы футбол клубы. 1875 жылы құрылған, 1888 жылы Англия футбол лигасының негізін қалаушы 12 клубтың бірі болды. Өз алаңындағы ойындарын "Ивуд Парк" стадионында өткізеді. Клуб қазір Англияның екінші дивизионында ойнайды.
Тарихы 1994 жылы "Манчестер Юнайтедті" ғана алға оздырып, Англия чемпионатында екінші орынға табан тіреді.
1995 жылы Кенни Далглиштің жаттықтыруымен Премьер лигада тұңғыш рет жеңімпаз атанды. Ол жылы клубта Алан Ширер, Грэм Ле Со, Дэвид Бэтти, Крис Саттон секілді футболшылар доп тепті. Маусым біткен соң Далглиш кетті де, клуб бұрынғы деңгейіне қайта көтеріле алмады.
2011/12 жылғы маусымда премьер-лигадан кетті. 2017 жылы тіпті үшінші дивизионға төмендеді. Осылай "Блэкберн" Англия чемпиондарының арасында үшінші лигаға түсіп кеткен тұңғыш клуб саналды.
Жетістіктері
Бірінші дивизион / Премьер-лига Чемпион (3): 1911/12, 1913/14, 1994/95 Вице-чемпион (1): 1993/94
Екінші дивизион Чемпион (1): 1938/39 Вице-чемпион (2): 1957/58, 2000/01
Үшінші дивизион Чемпион (1): 1974/75 Вице-чемпион (1): 1979/80
Англия кубогы Жеңімпаз (6): 1884, 1885, 1886, 1890, 1891, 1928 Финалист (2): 1882, 1960
Англия Лига кубогы Жеңімпаз (1): 2002
Англия суперкубогы Обладатель (1): 1912 Финалист (3): 1928, 1994, 1995
Атақты ойыншылары Дэвид Бентли Дэвид Бэтти Энди Коул Грэм Ле Со Пол Робинсон Крис Саттон Дэвид Томпсон Алан Ширер Тим Шервуд Дэвид Данн Бретт Эмертон Дэмьен Дафф Мичел Сальгадо Хеннинг Берг Дереккөздер
Сілтемелер Ресми сайт
Санат:Англия футбол клубтары