Карлос Каэтано Бледорн Верри ( ; 31 қазан 1963 ж.https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/96342, Ижуй, Рио-Гранде-ду-Сул, Дунга деген атпен танымал ( ) — Бразилиялық футболшы, жартылай қорғаушы және футбол жаттықтырушысы, 1994 жылғы әлем чемпионы, 1998 жылғы әлем күміс жүлдегері. Бразилия Ұлттық футбол құрамасының экс футболшысы. 1994 және 1998 жылғы әлем чемпионаттарындағы құрама капитаны.
Мансабы Футболшылық Карьерасын 1980 жылы "Интернасьонал" сапында бастады. 20 жыл бойы Бразилия, Италия, Германия, Жапония клубтарында ойнады.
Ұлттық құрама сапында 1987 жылы тұңғыш рет алаңға шықты. 1994 жылғы әлем чемпионаты барысында капитан боп тағайындалды. Бразилия финалда Италияны пенальтилер сериясында ұтып, пенальтилердің бірін Дунга соқты.
1998 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасына нүкте қойды. Екі жылдан соң футбол ойнауды мүлде доғарды.
Бапкерлік 2006–2010 және 2014–2016 жылдары Бразилия ұлттық құрамасында бас бапкер қызметін атқарды. 2010 жылғы әлем біріншілігінде Бразилия ширек финалда Нидерландтан 1:2 есебімен ұтылды да, Дунга қызметінен босады.
2014 жылғы әлем біріншілігінен соң тағы да құрама тізгінін ұстады. 2015, 2016 жылдары Америка кубогында Бразилия сәтсіз өнер көрсетіп, тағы да ол қызметтен кетті.
2012 жылы желтоқсанда "Интернасьонал" клубының бас бапкері боп тағайындалды. 2013 жылы қазан айына дейін атқарды.
Жетістіктері
Ойыншы ретінде
Рио-Гранде-ду-Сул штатының чемпионы (3): 1982, 1983, 1984 (Интернационал) Рио-де-Жанейро штатының чемпионы (1): 1987 (Васко да Гама) Оңтүстік Американың жастар чемпионатының жеңімпазы (1): 1983 Жастар арасындағы әлем чемпионы (1): 1983 Әлем чемпионатының кұміс жүлдегері: 1998 Лос-Анджелес Олимпиадасындағы күміс: 1984 ж Бразилия) Америка кубогының иегері (2): 1989, 1997 Әлем чемпионы (1): 1994 Конфедерация кубогының иегері (1): 1997 Жапония чемпионы (2): 1997, 1998 (Дзубило Ивата) J-Лигадағы ең құнды ойыншы : 1997 ж
Бапкер ретінде
Америка Кубогының иегері (1): 2007 Конфедерация кубогының иегері (1): 2009 Жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері: 2008 Дереккөздер
Сілтемелер Дунганың ресми сайты
Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Джубило Ивата ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Васко да Гама ФК ойыншылары Санат:Сантос ФК ойыншылары Санат:Коринтианс ФК ойыншылары Санат:Интернасьонал ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бразилия футболшылары Санат:Уикипедия:Ортаққорға сілтенген мақалалар Санат:1984 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері