Эктор Сокорро Варела (; 26 маусым 1912 жыл — 1980 жылдары қайтыс болды) — кубалық футболшы, шабуылшы. 1938 жылғы әлем чемпионатына қатысып, үш кездесуде үш гол соқты.
Эктор 1934 жылғы әлем чемпионатының іріктеуіне де қатысты. Гаити құрамасының қақпасына екі гол соқты. 1934 жылы 28 қаңтарда сырт алаңда Куба - Гаити құрамалары кездесіп, Эктор құрама сапында тұңғыш рет алаңға шықты, тұңғыш голын да соқты. Құрама екі ойында да Гаитиді ұтқанымен, Мексикадан ұтылып, 1934 жылғы әлем чемпионатына бара алмады.
1938 жылғы әлем біріншілігінен соң құрамадағы карьерасын аяқтады. Сілтемелер Worldfootball.net Ceroacero.es Cuba - List of International Matches Central American Games 1935 (El Salvador)
Санат:Куба футболшылары Санат:Куба Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Реал Иберия ФК ойыншылары