«Саутгемптон» футбол клубы (;)  — Англияның Саутгемптон қаласындағы футбол клубы.

Тарихы 1885 жылы құрылған. Өз алаңындағы ойындарын "Сент Мэрис" стадионында өткізеді. Басты қарсыласы — "Портсмут" клубы. Бұл екеуінің арасындағы матчтар "Оңтүстік жағалауының дербиі" деп аталады.

Әуелде «Саутгемптон Сент-Мэрис» (Southampton St.Mary’s) деп аталып, 1897 жылы "Саутгемптон футбол клубы" деген атаумен кәсіпқой мәртебе алды.

1966 жылы тұңғыш рет бірінші дивизионға жолдама алды.

Әзірге ең ірі табысы — 1976 жылғы Англия кубогындағы жеңісі. Финалда "Уэмбли" стадионында "Манчестер Юнайтедті" тізе бүктірді.

Клуб бірнеше маусымда еурокубоктерге қатысты. Ең жоғары нәтижесі — 2016/17 жылғы маусымдағы УЕФА Еуропа Лигасының топтық турнирі. 1976/77 жылғы маусымда Кубок иелері кубогының ширек финалына дейін жеткен.

Жетістіктері 1 дивизион / Премьер-лига Вице-чемпион: 1983/84 2 дивизион / Чемпионшип Вице-чемпион (3): 1965/66, 1977/78, 2011/12 3 дивизион / Бірінші лига Чемпион: 1959/60 Вице-чемпион: 2010/11 Үшінші оңтүстік дивизион Чемпион: 1921/22 Оңтүстік футбол лигасы Чемпион (6): 1896/97, 1897/98, 1898/99, 1900/01, 1902/03, 1903/04 Англия кубогы Жеңімпаз: 1976 Финалист (3): 1900, 1902, 2003 Англия Лига кубогы Финалист: 1979, 2017 Суперкубок Финалист: 1976 Англия футбол лигасының трофейі Жеңімпаз: 2010

Атақты футболшылары Алан Ширер Гарет Бейл Алекс Окслейд-Чемберлен Люк Шоу Алан Болл Питер Шилтон Марио Лемина Мая Есида

Сілтемелер Ресми сайты

Санат:Англия футбол клубтары