Эрнст Франц Герман Хаппель (; 29 қараша 1925http://www.national-football-teams.com/player/21763.html, Вена — 14 қараша 1992, Инсбрук) — аустриялық футболшы, футбол жаттықтырушысы. 1954 жылғы әлем біріншілігінің қола жүлдегері.

Мансабы 1938 жылы туған клубы "Рапидтің" жастар клубына қабылданды. Карьерасында ұзақ жылдар бойы "Рапид" клубында доп тепті. Тек 1955 жылы "Расинг" (Париж) клубына ауысып, бір маусымнан соң қайта оралды.

Аустрия Ұлттық құрамасы сапында тұңғыш рет 1945 жылы алаңға шықты. 1958 жылғы әлем чемпионатына қатысты да, сол жылы қыркүйекте құрамадағы карьерасына нүкте қойды. Соңғы ойынын 14 қыркүйекте (құрамадағы карьерасын дәл осы 14 қыркүйекте бастаған болатын) Югославияға қарсы өткізді (3:4).

1959 жылы карьерасын аяқтады да, 1962 жылы бапкерлікке кірісті. 1970 жылы "Фейеноорд" клубын жаттықтырып, Еуропа Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. Осы жетістігін 1983 жылы "Гамбургты" жаттықтырушысы ретінде қайталады.

1978 жылы Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының тізгінін ұстап, сол жылғы әлем біріншілігінде финалға дейін жетті де, Аргентинадан 1:3 есебімен ұтылды.

1991 жылы Аустрия құрамасының тізгінін ұстады.

Бір жылдан соң Инсбуркте ақ қан ауруынан өмірден өтті. Көп ұзамай Венадағы "Пратер" стадионына Хаппельдің аты берілген.

Жетістіктері

Ойыншы ретінде

Аустрия чемпионы (6): 1946, 1948, 1951, 1952, 1954, 1957 Аустрия кубогы: 1946 ӘЧ қола жүлдегері: 1954

Бапкер ретінде

Ұлттық турнирлерде

Нидерланд чемпионы : 1971 («Фейеноорд») Нидерланд кубогы: 1968 (АДО) Бельгия чемпионы (3): 1975/76, 1976/77, 1977/78 («Брюгге») Бельгия кубогы (2): 1977 («Брюгге»), 1981 («Стандард») Германия чемпионы (2): 1982, 1983 («Гамбург») Германия кубогы: 1987 («Гамбург») Аустрия чемпионы (2): 1989, 1990 («Сваровски-Тироль») Аустрия кубогы: 1989 («Сваровски-Тироль»)

Халықаралық

Чемпиондар Лигасының жеңімпазы (2): 1970 («Фейеноорд»), 1983 («Гамбург») Құрлықаралық кубоктың жеңімпазы: 1970 («Фейеноорд»)

Құрамада

ӘЧ финалисі: 1978 (Нидерланд)

Дереккөздер

Сілтемелер Эрнст Хаппель жайлы мақала Профиль (rapidarchiv.at)

Санат:Аустрия футболшылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Аустрия футбол жаттықтырушылары Санат:Аустрия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Рапид Вена ФК ойыншылары Санат:Фейеноорд ФК жаттықтырушылары Санат:Гамбург ФК жаттықтырушылары Санат:Брюгге ФК жаттықтырушылары Санат:Стандард Льеж ФК жаттықтырушылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Севилья ФК жаттықтырушылары