Абдуллай Диакате (; 16 қаңтар 1988https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/81826, Гведивайе, Сенегал) — сенегалдық футболшы, жартылай қорғаушы. Карьерасы Карьерасын түркиялық клубтарда бастады. 2011 жылға дейін "Карталспор", "Сакарьяспор", "Ризеспор" сынды клубтарда доп тепті. 2011 жылдан бері Қазақстан командаларында ойнап келеді.

2011 жылы "Тараз" командасына келді. Үш маусымнан соң "Ордабасыға" ауысты.

2015 жылы бір маусым "Атырауда" ойнады да, "Ордабасыға қайта оралды. 2017 жылы "Ордабасы" сапында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды да, келесі маусымда еурокубоктерде ойнауға мүмкіндік алды.

Жетістіктері

«Тараз»

Қазақстан кубогының финалисі: 2013

«Ордабасы»

Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (1): 2017 Дереккөздер

Сілтемелер Футболшының профилі

Санат:Сенегал футболшылары Санат:Карталспор ФК ойыншылары Санат:Сакарьяспор ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Ордабасы ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Каспий ФК ойыншылары Санат:Тұран Түркістан ФК ойыншылары