Якуб а Борг (дат. Jákup á Borg; 26 қазан 1979 жылhttps://www.national-football-teams.com/player/2302.html, Торсхавн, Фарер аралдары) — фарерлік футболшы, жартылай қорғаушы. Фарерлер Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.
Карьерасы Бір кездері Фарер аралдарының ең үлкен таланты болып саналған, ол 1996 жылы 28 сәуірде қорғаушы ретінде "B36 Торсхван" командасы сапында футболда дебют жасады және көп ұзамай нәтижелі шабуылшыға айналды. Оның голдары оған "Ливерпуль" мен "Уотфордта"қаралуға мүмкіндік берді және, сайып келгенде, Данияның "Оденсе" клубына жалға беру құқығы бойынша ауысты, бірақ ол бір сәтсіз маусымнан кейін еліне оралды. Борг 1998 және 1999 жылдардағы Фарер лигасының үздік бомбардирі атанды.
2006 жылы Борг Фарер премьер-лигасында жылдың үздік футболшысы атанды. 2015 жылы ол өзінің 20-шы маусымын Фарер лигасында бастады.
Борг 2015 жылдың 12 сәуірінде Фарер премьер-лигасының үздік бомбардирі болды, ол өзінің 20-шы маусымында Фарер лигасындағы 148-ші голын соқты.
2016 жылы карьерасын аяқтады. Дереккөздер
Сілтемелер
Profile at Odense BK Profile at HB Torshavn
Санат:Фарер аралдары футболшылары Санат:Фарерлер Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Б-36 ФК ойыншылары Санат:Оденсе ФК ойыншылары Санат:ХБ Торсхавн ФК ойыншылары