Закари Томас Стеффен (; 2 сәуір 1995https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/221624, Котсвилл, Пенсильвания, АҚШ) — америкалық футболшы, АҚШ Ұлттық футбол құрамасы мен "Коламбус Крю" клубының қақпашысы. 2019 жылғы КОНКАКАФ Алтын кубогына қатысқан.
Карьерасы
Клубтық АҚШ-тың "Уэст-Честер Юнайтед", "Делко", "Мэриленд Террапинс" клубтарының мектебінен өткен. 2015 жылы Германияға аттанып, "Фрайбург" клубына қабылданды. "Фрайбургтың" фарм-клубында бірнеше ойын өткізгенімен, негізгі командаға іліге алмай, 2016 жылы қазіргі клубы "Коламбус Крюға" ауысты.
2016 жылы жазда "Питтсбург Риверхаундс" клубына жалға берілді.
Ұлттық құрама 2018 жылы 28 қаңтарда Босния және Герцеговина құрамасына қарсы жолдастық кездесуде АҚШ сапында тұңғыш рет алаңға шықты.
Жетістіктері
Жеке
АҚШ-тағы жыл футболшысы: 2018 MLS жыл қақпашысы: 2018
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі Футболшының профилі
Санат:АҚШ Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:АҚШ футболшылары Санат:Коламбус Крю ФК ойыншылары