Сэр Джеффри Чарлз Херст (; 8 желтоқсан 1941https://www.filmportal.de/892b47a54d5f4ca382812ccda4f1465f, Аштон-андер-Лайн, Ланкашир графтығы , Ұлыбритания), () — англиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы, 1966 жылғы әлем чемпионы.

Мансабы Ұлттық құрама 1966 жылғы әлем біріншілігі 1966 жылғы әлем чемпионатының қаһармандарының бірі. Ширек финалда Аргентина қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды соқты. Ал финалда ГФР құрамасының қақпасына үш гол соқты, бүгінге дейін әлем чемпионаттарының финалында хет-трик жасаған жалғыз футболшы.

Финалда соққан екінші голы (құраманың үшінші голы) әлі күнге талас тудырып келеді. Есеп 2:2 боп тұрған сәтте оң қапталдан бағытталған допты Херст қақпаға тоқтатпай тепкенде, доп маңдайшаға тиіп, сызықтың үстіне түсіп, қайта алаңға серпілді. Төреші Динст қапталдағы көмекшісі Тофик Бахрамовқа барып ақылдасып, есептеп жіберді — 3:2. Бұдан соң ағылшындар тағы бір гол соғып, 4:2 есебімен жеңіске жетті де, әлем чемпионы атанды.

Толық мақаласы: Футболдан 1966 жылғы әлем біріншілігі (финал).

Херст кейін 1968 жылы Еуропа чемпионатына, 1970 жылы әлем чемпионатына қатысты.

Клубтық "Вест Хэм Юнайтед" клубының түлегі саналады. 13 маусым бойы осы клубтың намысын қорғап, 1972 жылы "Сток Ситиге" ауысты.

1979 жылға дейін тағы бірнеше клуб ауыстырды, олардың арасында ағылшын командаларымен бірге Оңтүстік Африканың "Кейцптаун Сити", Ирландияның "Корк Селтик", АҚШ-тың "Сиэтл Саундерс" клубтары да бар.

Жетістіктері

Командалық «Вест Хэм Юнайтед»

Англия кубогы: 1964 УЕФА Кубок иелері кубогы: 1965

Англия

Әлем чемпионы: 1966

Жеке

Англия лига кубогы тарихындағы үздік мерген: 49 гол

Дереккөздер

Сілтемелер Geoff Hurst Official iPhone App Geoff Hurst at CSA Celebrity Speakers The official website of Sir Geoff Hurst MBE Sir Geoff Hurst's Hat-Trick – for England against West Germany in the FIFA World Cup on 30 July 1966 England-Expects.org – Comprehensive website detailing current and historical information about the England team English Football Hall of Fame Profile Geoff Hurst's cricket record from CricketArchive BBC radio interview with Geoff Hurst, 1997

Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Кейптаун Сити ФК ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары Санат:Корк Сити ФК ойыншылары Санат:Сиэтл Саундерс ФК ойыншылары Санат:Англия футбол жаттықтырушылары Санат:Челси ФК жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Әл-Кувейт ФК жаттықтырушылары