Гарет Саутгейт (; 3 қыркүйек 1970 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/3744, Уотфорд) — англиялық футболшы, қорғаушы. Қазір бапкерлікпен айналысады.
Карьерасы Англия Ұлттық футбол құрамасының байырғы ойыншысы, 2016 жылғы қыркүйек айынан бері Англия Ұлттық футбол құрамасының бас жаттықтырушысы. Бапкер ретінде 2018 жылғы әлем чемпионаты мен 2018/19 жылғы УЕФА Ұлттар Лигасының жартылай финалисі атанды.
Футболшылық ғұмырында "Кристалл Пэлас", "Астон Вилла", "Мидлсбро" клубтарында ойнады. Ұлттық құрама сапында тұңғыш рет 1996 жылы алаңға шығып, 1996, 2000 жылдары Еуропа чемпионаттарына, 1998, 2002 жылдары әлем чемпионаттарына қатысты.
Бапкерлік карьерасын 2006 жылы бастап, әуелі "Мидлсбро" клубын жаттықтырды.
Британ Империясының орденімен марапатталған.
Жетістіктері
Футболшы ретінде
Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 1996 Англия Лига кубогының жеңімпазы: 2003/04 УЕФА Кубогының финалисі: 2005/06 Бапкер ретінде
Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 2018 УЕФА Ұлттар Лигасының жартылай финалисі: 2019 Еуропа чемпионатының финалисі: 2020 Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Англия футбол жаттықтырушылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының жаттықтырушылары Санат:Кристалл Пэлас ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Мидлсбро ФК ойыншылары Санат:Мидлсбро ФК жаттықтырушылары