Даниэл Ли «Дэнни» Роуз (; 2 шілде 1990, Донкастер, Англия) — англиялық футболшы, Англия Ұлттық футбол құрамасы мен "Тоттенхэм Хотспур" клубының қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық 2007 жылдан бері "Тоттенхэм" футболшысы, оған дейін "Лидс Юнайтед" мектебінде тәрбиеленіп, бір маусымдай кәсіпқой футболшы ретінде ойнады. 2009-13 жылдар аралығында бірнеше ағылшындық клубта жалда ойнады, атап айтқанда "Уотфорд", "Питерборо Юнайтед", "Бристоль Сити", "Сандерленд" клубтарында доп тепті.
2014 жылы "Тоттенхэмге" қайта оралған соң бес жылдық келісім шарт жасасты.
Ұлттық құрама Англияның бірнеше жастағы құрамасында ойнады. Негізгі құрама сапында тұңғыш рет 2016 жылы 26 наурызда Германияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.
2012 жылы Ұлыбритания құрамасы сапында жазғы Олимпиада ойындарына қатысты.
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі Профилі Статистикасы
Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ұлыбритания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Тоттенхэм Хотспур ФК ойыншылары Санат:Уотфорд ФК ойыншылары Санат:Питерборо Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Бристоль Сити ФК ойыншылары Санат:Сандерленд ФК ойыншылары