Элис Миллар капелласы АҚШ-тың Иллинойс штатының Эванстон қаласындағы Солтүстік-батыс университетінде орналасқан. Бұл оқу орнынан гуманитарлық пәндер мен инженерлік сала бойынша екі дәрежелі бакалавр деңгейін алып шығуға болады. Элис Миллар капепласында бүгінде АҚШ-тағы ең беделді музыка мектебі бар. Қазіргі күні музыка мектебінде екі толық оркестр, заманауи музыка ансамблі, симфониялық топ және екі джаз орындаушылар тобы бар. Элиc Миллар капелласының биіктігі 46 метрге жетеді. Мектепте оркестрлік аспаптар, вокал және сөйлеу мәнері бойынша жоғары білім алуға болады. Элиc Миллар капелласы әрі шіркеу, әрі діни орталық болып табылады. Бұл - Фостер Г.Макгоу мен оның жұбайының Cолтүстік-батыс университетіне жасаған сыйы. Фостер Макгоудың анасы Элис Миллардің құрметіне арнап салынғандықтан, капелла сол кісінің атымен аталған. Макгоу мырза көп жылдар бойы Солтүстік-батыс университетіне қамқорлық танытып келді, ал Макгоу ханым болса осы университеттің түлегі. Элис Миллар капелласы 700 адамға лайықты етіп салынған. 1962 жылы тұрғызылған капелланы Фостер Дж. Макгоу кейін университетке сыйға тартты. Капеллаға келушілерге ешқандай шектеу қойылмайды. Сондықтан мұнда өзге ұлт және дін өкілдері де келіп тұрады әрі өз уағыздарын еркін жүргізе алады.1100 қызықты деректер. Әлемнің қасиетті жерлері. ISBN 9789965266775

Дереккөздер