Перелески — Қостанай облысы Денисов ауданындағы ауыл, темір жол бекеті, Перелески ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Денисовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 35 км жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1996 адам (990 ер адам және 1006 әйел адам) болса, 2009 жылы 1706 адамды (849 ер адам және 857 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 1962 жылы мемлекеттік жер қорының негізінде кеңшар құруға байланысты қаланған. 1996 жылдан кеңшар негізінде құрылған шаруа қожалықтары жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VII том.

Дереккөздер

Санат:Денисов ауданы елді мекендері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері