Драган Джаич (; 30 мамыр 1946 жыл, Уб, Югославия) — югославиялық футболшы, шабуылшы. Югославия футболы тарихындағы ең үздік футболшылардың бірі.

Мансабы Ұзақ жылдар бойы "Црвена Звезда" клубында доп тепкен. Тек 1975-77 жылдары ғана Францияның "Бастия" кмоандасында ойнады. 1977 жылы туған командасына оралып, бір жылдай доп тепті де, 1978 жылы 32 жасында карьерасына нүкте қойды.

1968 жылы Еуропа чемпионатына қатысып, финалға дейін жетті. Финалда Югославия екі ойын қорытысында Италияға жол берді.

1974 жылы әлем чемпионатына қатысқан. Екінші турда Заирдің қақпасына бір гол соқты. Бұл ойында Югославия өзінің ӘЧ тарихындағы ең ірі жеңісіне қол жеткізді — 9:0.

1976 жылы да Өз елінде өткен Еуропа чемпионатына қатысты. Бұл жолы құрама жартылай финалға дейін жетті.

Футбол ойнауды доғарған соң ұзақ жылдар бойы "Црвена Звезда" клубының техникалық директоры боп қызмет атқарды. 2004 жылы денсаулығына байланысты бұл жұмыстан босатылды.

Жетістіктері

Командалық

Югославия

Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1968

Црвена Звезда

Югославия чемпионы (5): 1964, 1968, 1969, 1970, 1973 Югославия чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1972, 1978 Югославия чемпионатының қола жүлдегері (3): 1965, 1974, 1975 Югославия кубогы (4): 1964, 1968, 1970, 1971 Югославия кубогының финалисі: 1973

Бастия

Франция чемпионатының қола жүлдегері: 1977

Жеке

1954—2003 жж Югославия және Сербияның үздік ойыншысы Еуропа чемпионатының үздік мергені: 1968 (2 гол) Қола доп иегері: 1968 Алтын допқа үміткер (6): 1969, 1970, 1971, 1972, 1973, 1975 Югосалвия құрамасы тарихындағы мергендер қатарында 11-ші орын: 113 гол Югославиядағы жыл спортшысы: 1969

Қатысқан турнирлері

Жазғы Олимпиада ойындары: 1964 Еуропа чемпионаты: 1968, 1976 Әлем чемпионаты: 1978

Сілтемелер Профилі Биографиясы мен статистикасы (серб.) Статистикасы

Санат:30 мамырда туғандар Санат:Югославия футболшылары Санат:Югославия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Црвена Звезда ФК ойыншылары Санат:Бастия ФК ойыншылары