thumb|left|Константин Иванович бұл жерде 1950 жылдан бастап 1972 жылға шейін өмір сүрді. Москва, Тверская ул.,9Скрябин Константин Иванович (7.12.1878, Санкт-Петербург — 17.10.1972, Мәскеу) — гельминтолог-ғалым. КСРО ғылым академиясының академиясы (1939). КСРО Медицина ғылым академиясының академиясы (1944), Социалистік Еңбек Ері (1958). 1905 жылы Эстонияның қазіргі Тарту қаласындағы мал дәрігерлік институтын бітірген. 1907— 1911 жылы Әулиеатада (қазіргі Тараз) мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1920 жылдан өмірінің соңына дейін Мәскеудің ғылыми-зерттеу институттарында қызмет еткен. Скрябин гельминттердің морфология, биология, филогения, жүйеленім, экология, эпизоотология және эпидемиологиясын зерттеді. Ол гельминттердің 200-ден астам ғылымға беймәлім жаңа түрін ашып, оларға сипаттама берген; гельминтологиялық толық зерттеу әдісін ұсынып, ғылымға гельминттердің резервуарлы қосымша иелері туралы ұғым енгізді; дегельминтизация принциптерін пайымдады; гельминттерді толық жою (девастация) теориясының негізін салды. Лениндік сыйлығы (1957) және КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1941, 1950). 6 рет Ленин орденімен, 3 рет Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған. Тараз қаласында оның атындағы мұражай бар.Қазақ Энциклопедиясы, 7 томСтроительство советской гельминтологии, М.—Л., 1964; Терматоды животных и человека, т. 1 — 23, М.—Л., 1947 — 70.
Пайдаланылған cілтемелер
Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:1878 жылы туғандар Санат:1972 жылы қайтыс болғандар