Ақшоқы – Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы тау. Ерейментау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 85 км, Торғай ауылынан 60 км, Алакөл көлінен оңтүстік-батысқа қарай 7-7,5 км жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттiк биіктігі 391 м. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзындығы 3,5-4,5 км, ені 3 км. Беткейі көлбеу, солт. және шығыс бөлігінде көктем мезгілінде суға толатын сай-жыралар көп.
Геологиялық құрылымы Элювиальді-делювиальді шөгінділерінен түзілген протерозой жыныстары жапқан.
Өсімдігі Қара қоңыр топырағында астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ерейментау ауданы таулары