Арай (2023 жылға дейін — Кривощёково)Солтүстік Қазақстан облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы — Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы ауыл, Арай ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Сергеев қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-дей жерде.

Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1266 адам (616 ер адам және 650 әйел адам) болса, 2009 жылы 956 адамды (472 ер адам және 484 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

Тарихы Іргесі 20 ғасырдың бас кезінде Ресейден қоныс аударған шаруалар қалады. 30-жылдардың басында ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға сәйкес ұжымшар орталығына айналды. 1955 жылы тың және тыңайған жерлерді игеруге ұжымшар негізінде құрылған “Заря” астық кеңшарының орталығы болды. 1997 жылы кеңшар негізінде өндірістік бірлестік, құрылыс басқармасы, жылжымалы автоколонна, орман шаруашылығы, 2 шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Байланыс бөлімі, орта мектеп, мәдениет үйі, кітапхана, акушерлік пункт бар."Қазақ энциклопедиясы".

Дереккөздер

Санат:Шал ақын ауданы елді мекендері